«Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы ІТ-саласын қолдау мәселелері жөніндегі хаттамаға қол қойды

«Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы ІТ-саласын қолдау мәселелері жөніндегі  хаттамаға қол қойды

319

16 Мамыр 2017

«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай – Қор) және IT-компанияларының Қазақстандық Қауымдастығы (әрі қарай - Қауымдастық) отандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын (әрі қарай – ІТ саласы) қолдау мәселелері жөніндегі  хаттамаға қол қойды.

Құжат бірлескен жұмыс тобының қызметі нәтижесінде және тұрақты кездесулер қорытындысы бойынша бекітілді. Жұмыс тобының құрамына Қор тобының қызметі шеңберінде сандық технологияларды дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің (әрі қарай – Сараптамалық кеңес), «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдинг» АҚ, «ИТП» АЭА инновациялық компанияларының қауымдастығы және ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері енеді.

Сараптамалық кеңес пен Қауымдастық мүшелері протоколда Қазақстан Республикасының ІТ саласын дамытуға өзара қызығушылықтарын білдіріп, сонымен қатар осы мақсатқа жету үшін Қауымдастық өкілдерімен компаниялардың жоспарларын талқылау және бірлескен жобаларды әзірлеу арқылы өзара әрекеттесудің қажеттілігін атап өтті. Тараптар мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор мен ІТ бизнес қауымдастығы тарапынан көптеген мүдделі тұлғаларды тарту жолымен диалог алаңын кеңейту мақсатында бірлесін жұмыс істеу керектігін де белгіледі.

«Еліміздің IT-нарығындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы жасалған Хаттама аясындағы IТ-саласы мен Қордың бірлескен ынтымақтастығын ұйымдастыру мәселелеріндегі нақты ілгерілеуді атап өтті. Отандық ІТ-компаниялар Қор компанияларындағы бизнес үдерістерді автоматтандыру бойынша бірлескен жобаларды әзірлеуге жіберіледі және оған белсенді қатысады деген түсінікке келдік. Хаттаманы жүзеге асыру бағдарламалық қамсыздандыруды өндіретін және қазіргі уақытта жұмыс орындарын сақтап қалуға, сондай-ақ әрі қарай дамуға қажетті жұмыс көлемін іздеуде қиындыққа тап болған отандық ІТ-компанияларға оң әсер етеді», - деп атап өтті Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығының Президенті Нұрлан Исин.  

Құжатта Қор тобына отандық компаниялардың қызметінде қолданылатын тиісті ІТ-шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін белгіленген тәртіпте қарастыру туралы ұсыныстар айқындалған.  

Аса маңызды болып табылатын ұлттық қауіпсіздік мәселесін, отандық ІТ қызметтері мен өнімдерін өндірушілердің құзыреті мен әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің өсімін, сондай-ақ импортты алмастыру стратегиясын ескере келе, Қордың қоржындық компаниялары қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілері қатыса алатын бизнес-үрдістерді автоматтандыруға сұранысты қалыптастырады.

  «Қор мен Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Хаттама «Самұрық-Қазына» қоржындық компанияларында озық  сандық технологияларды енгізу саласында бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді.    Аталған жағдайда Қор басқарушы компания ретінде медиатор болмақ және қазақстандық ІТ-компаниялар мен Қордың қоржындық компаниялары арасында тиімді өзара іс-қимылға арналған коммуникациялық алаң құрылды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Қор отандық бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілеріне қолдау көрсетуге дайын және нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнімдер мен құралдар аламыз деп күтеміз. Бүгінгі таңда бізде бизнес үдерістерді автоматтандыру, өндірістерді жаңғырту және озық ақпараттық-аналитикалық жүйелерді енгізу салаларындағы инновациялық ІТ-шешімдерге нақты қажеттілік бар», -  деп баса айтты өз кезегінде  «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару және коммуникация жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев. 

Қор компаниялардың қызметін автоматтандыру саласындағы өзара әрекеттесу жолымен, соның ішінде ІТ-шешімдерді, хакатондар мен жұмыс алаңдарын әзірлеу бойынша бірлескен инвестициялау, жобаларды жеделдеу мен инновациялық технологияларды жүзеге асыру тұрғысынан қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілерінің ұсыныстарын қарастыруға дайын.  

Бұған қоса, отындық ІТ саласын дамыту мақсатында қазақстандық ІТ компанияларының сарапшылары мен Қор тобының компанияларының өкілдері арасында ашық әрі жариялы әңгімені өрбіту үшін Қор тобының қызметі шеңберінде сандық технологияларды дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің жұмыс топтарының құрамына Қауымдастық өкілдері енді.