«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Еңбек әулеттерінің күнін өткізді

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Еңбек әулеттерінің күнін өткізді

74703

17 Мамыр 2017

2017 жылдың 17 мамырында Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеттерінің күні аталып өтті.

Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев "Қордың еңбек әулеті" медальдерін Бабашевтер, Сайрамбаевтар, Труба, Клоповтар, Пшеницындер, Елтаевтер, Мацюк, Жаманкөзовтер, Кәкімановтер, Мұсағалиевтердің еңбек әулеттерінің өкілдеріне табыс етті. 

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы әр түрлі салаларды қамтиды. Соның ішінде темір жол, электроэнергетика, атом өнеркәсібі, кен өндіру, әуе байланысы және тағы басқасы. 350 мыңнан астам адам бүгінде «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарында жұмыла еңбек етуде. Сондықтан ұжымның бірлігі – біздң басты құндылығымыз. Жоғары жауапкершілік танытып, адал еңбек етіп келе жатқандарыңыз үшін Сіздерге ал,ыс білдіремін», - деп атап өтті Ө.Шөкеев еңбек әулеттерінің өкілдерімен салтанатты кездесуде.

 Бабашевтер жанұясының 18 мүшесі "Тау-Кен Самұрық" АҚ-да жұмыс істейді (жалпы еңбек өтілі - 373 жыл), Сайрамбаевтар жанұясының 10 өкілі «Қазақстан темір жолы» АҚ-да еңбек етуде (жалпы еңбек өтілі  - 317 жыл, Труба жанұясының 12 мүшесі «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясында (жалпы еңбек өтілі  -  200 жылға жуық), Клоповтардың 5 мүшесі «KEGOC» АҚ қатарында (жалпы еңбек өтілі  - 199 жыл), Пшеницындер жанұясының 7 өкілі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясында (жалпы еңбек өтілі - 143 жыл), Елтаевтер әулетінің 5 мүшесі "Қазақтелеком" АҚ-да  (жалпы еңбек өтілі – 131 жыл), Мацюк жанұясының 4 мүшесі «Air Astana» АҚ-да (жалпы еңбек өтілі – 123 жыл), Жаманкөзовтер отбасының 5 мүшесі "Самұрық-Энерго" компаниясында (жалпы еңбек өтілі – 120 жыл), Кәкімановтердің 4 өкілі "Қазпоштада" (жалпы еңбек өтілі – 111 жыл), Мұсағалиевтер әулетінің 5 мүшесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында (жалпы еңбек өтілі – 90 жыл).

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеттерінің күні 2013 жылдан бері Халықаралық отбасы күніне орай өткізіліп келеді. Ұрпақтардың сабақтастығын дәріптеу мақсатымен ұйымдастырылған мереке ұжымдардың ішінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға септігін тигізбек.