ҚР Энергетика министрі Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту барысымен танысты

ҚР Энергетика министрі Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту барысымен танысты

220

12 Мамыр 2017

12 мамырда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде ПМХЗ-да болып, кәсіпорынды жаңғырту жобасының іске асырылуымен танысты.

«ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай  Қанат  Бозымбаевқа жаңа технологиялық объектілердегі: соның ішінде жалпы  сыйымдылығы 10 мың. м3 жоғары октанды бензиннің компонентін (изомеризатты) сақтау екі сұйыққоймасы мен автоматтандырылған  бензин араластыру станциясын қоса, күкірт өндіру кешені және изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының  құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталуы туралы баяндады.

2017 жылғы 24 сәуірде Павлодар МӨЗ аталған технологиялық кешендерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын механикалық аяқтау туралы актілерге қол қойылды. Қазіргі уақытта бұл объектілерде, күкірт өндіру қондырғысы кешені шілде айында, ал изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысы –қыркүйекте аяқталуы жоспарланған, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін кәсіпорын кепілдік пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізіп, К4 (аналог Евро-4)  экологиялық класты жоғарыоктанды автомобиль бензинін алуы керек. Жаңғырту  аяқталғаннан  кейін жоғарыоктанды автомобиль бензинін шығару  297 мың тоннаға дейін артады.

Қазіргі уақытта жаңғырту жобасы шеңберінде қолданыстағы:  мұнайды бастапқы өңдеу кешені (ЛК-6У)– дизель отынын және керосинді гидротазарту, атмосфералық айдау, нафтаны гидротазарту, каталитикалық риформинг қондырғыларын қайта жаңарту жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалуда. Осымен дизель отынын және керосинді гидротазарту қондырғысын қайта жаңарту кәсіпорынға 2017 жылғы қараша–желтоқсан айларында К4, К5 стандартты дизель отынын және авиациялық отынды шығаруды бастауға мүмкіндік береді.

Мұнайды терең өңдеу кешенінде (КТ-1) каталитикалық крекинг қондырғысының вакуум газойлін гидротазарту қондырғысы мен реакторлық-регенератор блогі (РРБ) қайта жаңартылуда. РРБ қайта жаңарту кәсіпорынға гидротазартылған вакуум газойлін жылына 1250 мың тоннадан жылына 1900 мың тоннаға дейін өңдеу қуатын арттыруға мүмкіндік береді. 

Жаңғырту аяқталғаннан кейін зауыт шығаратын барлық өнім Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына толық көлемде сәйкес келетін болады.

Біздің анықтама:

Павлодар мұнайхимия зауыты – акциясының 100% «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға жататын Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытының бірі. ПМХЗ алғашқы қондырғысы – ЛК-6У 1978 жылы пайдалануға берілді. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 6 млн. тоннаны құрайды. Зауыт Қазақстанның үш МӨЗ өндіретін мұнай өнімдерінің жалпы жылдық көлемнің 30% шығарады. 

Павлодар МӨЗ зауытты жаңғырту бағытын 2009 жылы бастады.
Кәсіпорынды жаңғырту жобасының мақсаты – К4 экологиялық класты мотор отынын шығару. Жобаның жалпы құны 212,3 млрд. теңгенің құрайды. Жобалау, құрал-жабдықтарды жеткізу және құрылыс жұмыстары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Қазақстан Даму банкі» АҚ-ның қарыз қаражаты есебінен, сондай-ақ «ПМХЗ» ЖШС-ның өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Жоба бойынша мердігерлер –Rominserv S.R.L. компаниясы – «ҚМГ» ҰК АҚ құрамына кіретін KMG International N.V. румын мұнай компаниясының еншілес бөлімшесі, сондай-ақ NFC компаниясы (China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. / Қытай халықаралық түсті металлургиясының инженер-құрылыс компаниясы).

ПМХЗ жаңғырту жобасы бойынша барлығы 12 технологиялық қондырғы мен жалпы зауыттық шаруашылықтың 18 объектісі жаңадан салынып, қайта жаңартылуда.