Еуропалық қалпына келтіру және дамыту банкі 100 МВт «Бурное» күн электр станциясын кеңейту жөніндегі жобаны қаржыландыруды жүзеге асырады

Еуропалық қалпына келтіру және дамыту банкі 100 МВт «Бурное» күн электр станциясын кеңейту жөніндегі жобаны қаржыландыруды жүзеге асырады

233

12 Маусым 2017

2017 жылдың 11 маусымында тұрақты даму мүдделерінде энергетика жөніндегі Сегізінші халықаралық форумның Министрлік конференциясын жүргізу аясында Жамбыл облысындағы 50 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі «Бурное» жұмыс істеп тұрған күн электр энергиясын кеңейту жөніндегі жобасын жүзеге асыру мақсатында Еуропалық қалпына келтіру және даму банкі мен «Бурное Солар-2» ЖШС арасында Кредиттік келісім-шартқа қол қойылды.

Жобаны жүзеге асыру мақсаты күн энергиясын қолдану есебінен қауіпсіз, сенімді және экологиялық таза электр қуатымен Қазақстанды қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны жүзеге асыру 50 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі «Бурное» жұмыс істеп тұрған күн электр энергиясын кеңейту мен жылына 146 млн кВт.с дейін «таза» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2018 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға бергеннен кейін «Бурное» күн электр энергиясы ТМД-ғы энергияның жаңартылған көздерінің ең ірі  нысанына айналады.

Жоба аясындағы инвестициялардың жалпы көлемі 26 млрд теңгені құрайды, сонымен қатар жобаны қаржыландыру 7,8 млрд теңге мөлшерінде «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС жеке қаражаттары есебінен және британдық UGEnergyLimited серіктестігі есебінен жүзеге асырылады.

Еуразиялық қалпына келтіру және даму банкімен Кредиттік келісімге қол қою 14,9 млрд теңге мөлшеріндегі ұзақмерзімдік заемдық қаржыландыру мен АҚШ 14 млн доллары мөлшеріндегі Таза технологиялар қоры тарапынан заемдық қаржыландыру тартуға мүмкіншілік береді. Еуразиялық қалпына келтіру және даму банкімен Кредиттік келісімге қол қоюдың жоба демеушілерінен қосымша қатал кепілдіктер мен қаржылық кепілдіктерлі талап етпейтін жобалық қаржыландыру аясында жүзеге асатынын айта кеткен жөн.

Еуразиялық қалпына келтіру және даму банкімен Кредиттік келісімге қол қою аясында, осыған қоса, Еуразиялық қалпына келтіру және даму банкімен, ҚР Энергетика министлігі және энергияның жаңартылған көздері саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының басты ережелерін орнықтыруға бағытталған «Бурное Солар - 2» ЖШС арасында ынтымақтастық пен жобаны қолдау жайлы Келісімге қол қойылатын болады.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту жөніндегі басталған курсын жалғастыруға мүмкіндік береді және 2020 жылға қарай Қазақстанда энергия көздерін 3% дейін арттыруға себепші болады, ЭКСПО-2017 жүргізу кезінде нысан салуды бастауға, Қазақстанға $12 млн мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартуға, 300 уақытша және 10 тұрақты жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасына заманауи «таза» технологиялар тартуды арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер жөніндегі ақпарат:

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ  холдингіне кіретін инвестициялық компания болып табылады. Компанияның негізгі қызметі Қазақстан экономикасын дамыту мен жетілдіруге қабілетті стратегиялық серіктестермен және/немесе институционалдық инвесторлармен бірге Қазақстан компанияларына тікелей инвестиция жасау болып табылады.

UG EnergyLimited Компаниясы UnitedGreen (бұдан ірі - UG) 100% еншілес компаниясы болып табылады. UG компаниясы энергияның жаңартылған көздері саласындағы кең тәжірибеге ие. 2008 жылдан бастап UG жел және күн энергетикасын инвестициялайды. Жүзеге асырылған ЭЖК саласындағы жобалардың қосынды сомасы, соның ішінде $300 млн жеке капиталы - жеке, жалпы құны $1,3 млрд болатын 300 МВт астамды құрайды.

Еуропалық қалпына келтіру және даму банкі құрылтайшылар құрамына 65 ел, Еуроодақ мен ЕИБ кіретін халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕҚКДБ 1990 жылы Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға өтуіне көмектесу үшін құрылды. Бүгінде ЕҚКДБ Солтүстік Африкадан Орталық Азияға дейінгі әлемнің 30 астам елдерінде әрекет етеді. Қазақстанға ЕҚКДБ 7,3 миллиард еуро инвестиция жасады, соның ішінде 1 миллиардтан астам еуро - «таза энергетика» жобасына. Банк операцияның өз өлкесіндегі жаңартылған энергетиканың ең үлкен қаржыгері болып табылады.

Таза технологиялар қоры климаттың өзгеруіне қарсы әрекет етуіне арналған инвестициялық қорлар (КӨҚИҚ), 2008 жылы құрылған және Дүниежүзілік банкі басқаратын мульти-донорлық сенімгерлік қоры құрамына кіреді. КӨҚИҚ міндеті климаттық жағынан тұрақты, аз көміртекті дамуды қолдауда негізгі өзгерістерді ынталандыру үшін дамушы елдердегі климаттық өзгерістермен байланысты жобаларға кеңінен қаржыландыру беру болып табылады.