«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында объектілер құрылысы және оларды өткізу жөніндегі ынтымақтастық туралы бас келісімге қол қойылды

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында объектілер құрылысы және оларды өткізу жөніндегі ынтымақтастық туралы бас келісімге қол қойылды

253

27 Маусым 2017

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында жасалған объектілер құрылысы және  оларды «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткізу саласында ынтымақтастық туралы бас келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес тараптар өздеріне Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығын дамыту бойынша міндеттемелер алады. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Инвестициялау шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын қаржыландырады, салымшылар мен сатып алушыларды баспана алуға мүмкіндік беретін тұрғын үй қарыздары туралы ақпараттандырады.  Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, өз кезегінде, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорына салымшылар арасында, оларды Жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынып жатқан  сол немесе басқа объектіде жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы хабардар етіп, сатып алушыларды іздеуге жәрдемдеседі.

Аталған Бас келісім «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Құрылыс салушылар арасында әр объект бойынша келісім жасаудың аралық кезеңі болып табылады. Онда тараптар арасындағы өзара әрекеттестіктің нақты тетіктері көрсетілген.

Дерекөз: «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры