ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді

ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді

271

29 Маусым 2017

29 маусым 2017, Астана қаласы. «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан былай — Қор) Басқармасы бүгін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (бұдан былай – ҚМГ ҰК) Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанына байланысты шешім қабылдады. Нақтылап айтқанда, Қор Басқармасы 2017 жылдың 29 маусымынан заңды күшіне енетін ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің төмендегідей құрамын бекітті:

  • Кристофер Уолтон, төраға және тәуелсіз директор
  • Сауат Мыңбаев, басқарма төрағасы 
  • Стивен Уайт, тәуелсіз директор
  • Ерлан Баймұратов, тәуелсіз директор
  • Балжит Каур Гревал, Директорлар кеңесінің мүшесі 
  • Берік Бейсенғалиев, Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Ұзақбай Қарабалин, Директорлар кеңесінің мүшесі

Аталған директорлар Қордың Корпоративтік басқару кодексіндегі ротация жоспарына сәйкес 3 жылға сайланды. Кодекс директорлардың Кеңеске мүшелік мерзімін белгілейді. Директорлар кеңесіне алты жылдан артық сайлану мәселесі ерекше талдауды қажет етеді.

ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің төрағасы Фрэнк Куйлаарс пен Аудит комитетінің төрағасы Питер Лейн ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінде 2017 жылғы шілденің аяғына дейін қызмет атқарады. Қордың шешімі ҚМГ ҰК Директорлар кеңесіне 2017 жылдың 29 маусымында өткен отырыста хабарланды. 

 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Фрэнк Куйлаарс пен Питер Лейнге ризашылығын білдіре отырып,  ортақ мақсаттарға қол жеткізуге сеп болған кәсіби біліктіліктерін атап өтті.

«Біз Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланған Кристофер Уолтонның осы компаниядағы тәжірибесі Директорлар кеңесінің жұмысын басқаруға септігін тигізеді деп санаймыз, және ары қарай тығыз жұмыс істеуге ниеттіміз. Сонымен қатар, біз жаңа тәуелсіз директор Стивен Уайтқа қош келдіңіз демекпіз. Стивеннің мұнай-газ саласы мен халықаралық нарықтағы тәжірибесі мол. Біз халықаралық талаптар мен корпоративтік басқару стандарттарына сай Директорлар кеңестерінің құрамын күшейту бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз».

Стивен Уайттың биографиясы

Стивен Уайт — мұнай-газ саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар маман. 2014 жылға дейін үш жыл Galp Energia компаниясының операциялық және атқарушы директоры қызметін атқарған. Бұған дейін BG Group компаниясының аға вице-президенті лауазымында қызмет еткен. Shell компаниясында 14 және Clyde Petroleum компаниясында 6 жыл еңбек еткен.