«Самұрық-Қазына» қоры және «Қазагро» холдингі италиялық өндірістік компаниялармен ынтымақтастықты дамытуда

«Самұрық-Қазына» қоры және «Қазагро» холдингі италиялық өндірістік компаниялармен ынтымақтастықты дамытуда

279

06 Қыркүйек 2017

2017 жылғы 6-шы қыркүйек, Астана қ. Биыл Астанада өтіп жатқан Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының (IFSWF) жыл сайынғы 9-шы отырысы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор), «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және Италияның CDP Equity S.p.A тәуелсіз қоры (бұдан әрі – CDP Equity ) ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге қол қойды.

CDP Equity(бұған дейін – Fondo StrategicoItaliano) акционерлік капиталы 3,5 млрд АҚШ долларын құрайтын Италияның тәуелсіз қоры болып табылады. Ол экспорттық әлеуеті елеулі компанияларға инвестиция құю мақсатында құрылған. CDP Equity мажоритарлы акционері – Италияның экономика және қаржы министрлігімен бақыланатын Cassa depositi e prestiti S.p.A. (CDPGroup).

Астанада қол қойылған алдын ала Келісімнің мақсаты – Қордың, Холдингтің қоржындық компаниялары және жетекші италиялық компаниялар арасында ынтымақтастықты нығайту және келешекте Қазақстан аумағында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында жаңа қуаттылықтарды құру. CDP Group холдингісі өнеркәсіптің түрлі салаларындағы ірі компаниялардың акцияларына иелік етеді. Құпталған алдын ала Келісімнің бірінші кезеңінде италиялық технологияларды қолдана отыра өндірістілокализациялау мүмкіндігі қарастырылған.

- Бүгін қол қойылған алдын ала келісім басқа елдердегі тәуелсіз қорлармен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге жасалған тағы бір қадамға айналды. Италиялық CDP Equity қорының компанияларымен ынтымақтастық және келешектегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу ықтималдығы Қазақстанның экономикасына мультипликативті ықпалын тигізеді: технологиялар трансфертін және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, -деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Италиялық тараптан алдын ала Келісімге CDP Equity басқармасының төрағасы Гуидо Риволта қол қойды:

- Бұл – маңызды ынтымақтастықтың бастауы. Ол қос елдің экономикасын дамытуға септігін тигізеді. Ықпалдастық туралы алдын ала келісімде біздің қоржындық компанияларды дамыту мақсатында ұзақмерзімді серіктестікке басымдық беріледі.