Әлемдік әл-ауқат қорларының цифрлік экономикаға қаржы құюы бойынша 2016 жыл серпінді жылға айналды

Әлемдік  әл-ауқат қорларының цифрлік экономикаға қаржы құюы бойынша 2016 жыл серпінді жылға айналды

286

07 Қыркүйек 2017

2017ж. 7 қыркүйек,  Астана қаласы. Халықаралық әл-ауқат қорлары форумының жыл сайынғы 9-шы отырысы шеңберінде (IFSWF) Астанада «Цифрлік экономиканы дамыту» панельдік сессиясы өтті. 

2016 жылы әлемдік қорлар цифрлеуге әлдеқайда көп инвестиция бағыттады. Статистикалық деректі панельдік сессия барысында The Boston Consulting Group (BCG) өкілі алға тартты.

-10 жыл бұрын қорлар цифрлік экономикаға инвестиция салмаған еді. Алайда өткен жыл серпінді жылға айналды. Темасек және басқа да қорлар жаңа цифрлік технологияларға рекордты инвестициялар құйғанын көрдік, -  деп сөзін сабақтады BCG Орталық Еуропа және Таяу Шығыс өңіріндегі  төрағасы Кристоф Швайцер. - Осыдан 5 жыл бұрын ешкім осылай болады деп ойламағанмен, бұл қорлар деңгейінде инвестициялар салынған ең ірі үшінші сала болып табылады. Айтарлықтай жеделдету орын алуда және бұл активтер бейінін мүлдем өзгертіп отыр. Енді қорларға өнеркәсіп сарапшылары ғана емес, ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшылар, бизнес-модельдер мен цифрлік мүмкіндіктердің егжей-тегжейін білетін техникалық мәселелер бойынша сарапшылар қажет болады. 

Әлемдік қауымдастықта байқалған цифрлік ілгерілеудің кез келген индустрияға қатысы бар.Сарапшылардың пікірінше, роботтандыру салдарынан орын алуы ықтимал жұмыссыздық тәуекелдерін ескерген жағдайдың өзінде,  адамзат оның қарқынын бәсеңдете алмайтын жағдайға жетті. 

- Өмірімізде жасанды интеллект қаншалықты алға басқанын осы залда отырғандардың  95%түсінбейді. Ол біздің айналамызда. Кез келген уақытта айфон арқылы кез келген тауарға тапсырыс бере аласыз, виртуалды түрде кез келген  көтерме-бөлшек сауда дүкеніне бара аласыз. Кибер кеңістікте бүгін барлық алгоритмдар мен онда туындайтын мәселелердің бәрі бар, ол жасанды, цифрлік емес, қарапайым өмірдегі проблемалар, - деп есептейді Кристоф Швайцер.

Сарапшы бұл процесті бәсеңдетудің техникалық мүмкіндіктері жоқ екеніне баса назар аударды.  Саяси мәселе  жаңа технологияларға көшудің кейінгі әсерлерін басқарумен қорытындыланады. Жұмыс күшін оқытуға назар аударатын және тиісті реттеу базасы бар мемлекет қана инвестиция тартуда бәсекелесе алады.  

Сессия модераторы - CNN телеарнасындағы «EmergingMarkets» бағдарламасының редакторы Джон Дефтериостың айтуынша, «Қазақстан сияқты түбегейлі өзгерістерге бет алған елдер жаңа энергетикалық ақиқат, цифрлеу және балама энергия көздерін әзірлеу кезеңіне қадам басты».
 
- Біз адамдарды жаңа цифрлік экономикаға бейімдейміз, жаңа дағдылар мен білім береміз, қай салаларда цифрлеу басталғанын және бірқатар елдердің осы өтпелі кезеңнен табысты өтіп, өздерінде цифрлік экономиканы қамтамасыз етулері үшін қандай дағдылар қажет екенін көрсетеміз, - деп өз сөзінде атап өтті Еуропадағы, Ресей/ТМД елдеріндегі   General Electric Digital бас директоры және коммерциялық директор Дебора Шерри. 

Базалық деңгейдегі цифрландыру операциялық қызметті оңтайландырып, шығындарды азайтуға, сондай-ақ шешімдер қабылдау процесін жақсарта түсуге мүмкіндік береді. Сондықтан да «Самұрық-Қазына» АҚ қоры экономикалық өсуді жылдамдату және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында тиімділікті арттыруды талап ететін идеялар мен бизнесті басқару құралдарын қолдайды және дамытады.
   
- GE компаниясымен стратегиялық әріптестік шеңберінде біз қоржындық компаниялармен олардың өнеркәсіп объектілері үшін жаңа технологияларды тартып қана қоймай, сондай-ақ өнімділікті арттыру үшін болжамдарға сараптама жүргізу мүмкіндіктерін де қарастырамыз, - деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ Жаңа салаларды дамыту жөніндегі тең басқарушы директоры Ержан Тұтқышев. – Түпкі нәтиженің жоғары болуы және қор тобына кіретін компаниялардың құнын арттыру, өз кезегінде, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге, ішкі мәселелер де шешіледі, олардың арасында экономиканы жаңғырту бар.
 
Өз кезегінде «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ төрағасы Ақылжан Баймағамбетов еліміздің тәуелсіз инвесторы бола отырып,корпорация халықаралық нарықтарға инвестиция салуға назар аударатынын атап өтті. Бұл еліміздің қорларын ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

- Бұрын дамушы компаниялар үшін  IPO капиталдың ең маңызды көзі болды.  IPO-ға шығу үшін компаниялардың орташа мерзімді өсуі мен орташа қызмет көрсету мерзімі 3-5 жылды құрайды. Жоғары деңгейді алатын болсақ, мысалы, «Амазон» компаниясының бағасы IPO-дан соң 600 еседен астам ұлғайды. Қарапайым инвестор үшін жоғары технологиялы, дамушы компаниялардың жоғары деңгейіне бет бұру едәуір оңай. Алайда, технологиялар – бұл өзгерістер енгізу мәселесі ғана емес, сондай-ақ бизнесті қалай жүргізетініміз және қай салаға инвестиция салатынымыз жөніндегі мәселе, - деп сөзін жалғады  Ақылжан Баймағамбетов. – Қазіргі таңда жеке компаниялардың ғұмыры ұзағырақ. IPO-ға шыққанға дейінгі олардың орташа қызмет уақыты  10, 11 жылды, тіпті 12 жылды да құрайды. Қазір біз жеке капитал нарығы немесе мәселен, жеке инвестициялардың, жеке компаниялардың 1-10 млрд долларын белгілеп көрсету үшін «жалғыз мүйізді», «дара тұяқты» сияқты мүлде жаңа сөздерді қолданып жүрміз. Расында да, компаниялар жеке нысанды бола отырып, болашақта нарықта көбірек  мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. 

Цифрландыру тек қана қаржы нарығы мен экономикалық процестерге ғана емес, сондай-ақ еңбек нарығына да ықпал етеді.  Сонымен, Еуропалық комиссияның болжамдары бойынша болашақта Батыс Еуропада жұмыс орындарының 54%-ы толық немесе жартылай жоғалады.  Бұл жаңа мамандықтардың пайда болатынына, ал халықтың ақпараттық технологиялар саласындағы дағдыларының жеткілікті болмайтынына байланысты. Сондықтан, еуропалық үкіметтер білім және біліктілікті көтеру саласында жаңа опциялар құру бойынша жұмыс жасауда.  

- Мен адамзат уақыт өткен сайын күйзеліс пен қолайсыздыққа байланысты әлдебір өзгерістерден әрдайым  өтіп отырады деп ойлаймын. Алайда олар ауыспалы кезеңді бастарынан өткізіп, жаңа жағдайларға үйреніп кетеді деп есептеймін, - деп баса айтты Дебора Шерри. – Жүздеген жылдар бойы қоғамдар да, таптар да өзгеруде. Ал қазір тағы да адамзатқа ауыспалы кезеңге көшуді талап ететін сәт туды. Біз бұдан қорқуымыз керек пе? Тарихқа жүгінсек, біз қиыншылықты әрдайым еңсере аламыз.  Біз жасампазбыз және шығармашылық тұрғыдан ойлай аламыз. Осылайша, біз ғаламшарымыздағы ілгері жылжыған қоғамдарды құра аламыз.