Ірі әл-ауқат қорларының басшылары Қазақстанның жоғары инвестициялық әлеуетін атап көрсетті

Ірі әл-ауқат қорларының басшылары Қазақстанның жоғары инвестициялық әлеуетін атап көрсетті

267

07 Қыркүйек 2017

2017 ж. 7 қыркүйек, Астана қ. Биылғы жылы Астанада өткізіліп отырған Әл-ауқат қорлары халықаралық форумының (IFSWF) 9-шы отырысының бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) және IFSWF хатшылығы әл-ауқат қорларының - IFSWF мүшелерінің рөлі мен оларды дамытудың өзекті үрдістеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді. Атап айтқанда, активтерді бөлу және тәуекелдерді басқару, қорлардың қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді инвестициялық тәсілдемелер мен шешімдер қалыптастыру мәселелері талқыланды. 

IFSWF Басқармасының төрағасы Эдриан Орр, Қазақстан экономиканы әртараптандыруға, цифрлық және технологиялық жаңғыртуға негізделген экономикалық өсудің жаңа моделін құрады деп атап көрсетті. Ол Қордың ел экономикасын трансформациялаудағы рөлін атап көрсете отырып, өзекті тақырыптарға ашық әңгімелесу мүмкіндігін бергені үшін «Самұрық-Қазына» қорының атынан Астана қаласында форумды ұйымдастырушыларға алғысын да білдірді. 

«Самұрық-Қазына» қоры ерекше күрделі жұмыс жасап жатыр. Олар ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға кірісті, біршама жоғары өнім алуды және барлық маңызды жаһандық тегеурінді талаптар шеңберінде трансформацияны қамтамасыз ету үшін индустрияны трансформациялауда», - деп атап көрсетті Эдриан Орр.​

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, трансформациялау бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда ноу-хау технологиялар мен трансфертті енгізуге байланысты біршама өзекті проблемаларға байланысты өз болжамымен бөлісті. 

«Трансформация проблемасы, бұл кез келген ұйымда болатын құбылыс – бұл, ең алдымен, идеяны, ой-сананы трансформациялау. Сондықтан адамдар, процестер, технологиялар - үштігінде ең сын көтермейтіні – адамдар болып табылады. Ең әуелі, адам ресурстарын трансформациялау қажет. Егер қызметкерлердің ойлау қабілетін және тәсілдемесін өзгертетін болсақ, онда технологиялар мен процестер адам ресурсына қарап құрылатын болады, - деп атап көрсетті Нұрлан Рахметов.

Абу-Даби қорының басшысы Маджид Аль-Ромайтидің пікірі бойынша, Астана қаласында IFSWF форумының өтуі, ең әуелі, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, «Бір белдеу, бір жол» атты Қытай бастамасына дамушы нарықтардың қатысуына жол ашатын перспективаларды таныстыру тұрғысында тиімді алаң болды.       

«Бір белдеу – бір жол» жобасы оның барлық қатысушылары үшін өте пайдалы. Нарық капиталы бүгінгі таңда белсенді дамып келеді және Сауд Арабиясы компаниясы инвестициялар салуға нысана іздеп отыр. Біз қазіргі уақытта көптеген зерттеулер жүргіздік, Қазақстан сынды елдерге инвестиция береміз. Біз капиталды әртүрлі жобаларға, құбыр, әуежайларға жібереміз. Мүмкіндіктер өсіп келеді және біз мақсатты түрде инвестиция құю үшін бір жобаны қарастыруымыз қажет, - деп атап көрсетті Абу-Даби инвестициялық қорының атқарушы директоры Маджид Аль-Ромайти.
 
Сондай-ақ баспасөз конференциясының барысында спикерлер тәжірибе алмасу және инвестициялық нарықтарға зерттеулер жүргізу жөнінде бірлескен жобаларды іске асыру сынды IFSWF қызметінің шеңберінде қорлар ынтымақтастығының одан әрі перспективалық бағыттары көрсетілді.