Дағдағыр кезеңінде әл-ауқат қорларының рөлі маңызды – IFSWF сарапшылары

Дағдағыр кезеңінде әл-ауқат қорларының рөлі маңызды – IFSWF сарапшылары

422

07 Қыркүйек 2017

2017ж. 7 қыркүйек,  Астана қаласы. Халықаралық әл-ауқат қорлары форумының (IFSWF) жыл сайынғы 9-шы отырысы шеңберінде Астанада «Әл-ауқат қорларының қарқынды дамуы» атты панельдік сессиясы болып өтті. Әлемдік әл-ауқат қорларының, трансұлттық компаниялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері жаһандық сын-тегеуріндерді және әл-ауқат қорларының елдердің экономикасындағы рөлін талқылады.   
Активтерді тиімді басқару және өз елдерінің экономикалық дамуына қолғабыс ету мақсатында нақты жергілікті міндеттерді шешетін мемлекеттік стратегиялық қорлар – тәуелсіз қорлардың белсенді түрде көбейіп келе жатқан «жаңа ұрпағы» қолданнатын стратегиялар мен әдіс-тәсілдер басты тақырыпқа айналды.

«Әл-ауқат қорлары дағдарыс уақытында маңызды рөл атқарады. Олар басқалары ұсына алмайтын капиталды береді. Әрине, қаржы нарығында капиталдың қолжетімділігімен қатар үкіметтік бондтардың рейтингісі құлдилаған кезде экономика секторларын қалпына келтіруде біз өз капиталымызбен орнын толтыратын мүмкіндіктер әлі де сақталатынын байқадық. Бұл ретте әңгіме ауаны капиталы жоқ немесе капиталдың жетіспеушілігі сезілетін секторлар жайлы қозғалып отыр», - деп атап көрсетті Халықаралық әл-ауқат қорлары форумының басқарушы директоры Данкан Бонфилд.
 
Бонфилдтің айтуынша, қорлардың мұндай рөлге ие болуының басты себебі - олардың ұзақмерзімді жұмыс істеуінде. «Жеке инвесторлардың ұзақ мерзімді инвестиция салуды жақтырмайтынын білеміз. Біз әл-ауқат қорлары ретінде ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыратын тарап болып табылуымыз тиіс. Мысалы,  25-30 жылға. Мұның бәрін үкімет бондтарын шығару жолымен шешуге болады –  бұл инвестор үшін айтарлықтай ашық опция болып табылады. Бүгінде икемділік деңгейі өте жоғары, біз қаржыландыруды талап ететін кез келген жобаға кез келген капитал құрылымын жасай аламыз. Осылайша, біз, капиталы жоқ секторларға капитал сала отырып,  ұлттық экономиканың  жекелеген салаларын қалпына келтіреміз. Біз компаниялардың өсуіне, әртараптануына көмектесеміз» - деді ол. 

«Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директор Балжит Гревал: 
- Біздің қызметіміздің негізгі мандаты – экономиканың әртараптандырылуын жеделдету.  2014 жылы ұлттық деңгейде ауқымды трансформация бағдарламасы іске қосылды. Үкімет тарапынан реформалар, ал біздің жақтан – ұлттық компаниялардың бағалылығын арттыру жұмысы басталды. Біз стратегияны ғана емес, адамдардыңкөзқарасын өзгерттік. Басшылардың жаңа буынын тәрбиеледік. Меритократия, есеп беру жүйесін енгіздік. Оның шеңберінде  мәдени өзгерістер орын алды, кәсіпорын құндылықтары жақсарды. Транформациялау бағдарламасын бастағанымызға 2,5 жыл болды. Қызметіміздің негізгі нәтижелерін сездік: 2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы EBITDA margin көрсеткіші 20,6%-ға  артты.

Панельдік сессия жұмысының шеңберінде  қор басшылары инвестициялаудың неғұрлым перспективтік бағыттары мен жаңа нарықтары жөніндегі болжамдарымен бөлісті. Атап өтілгендей, капитал нарығындағы негізгі үрдістер – ол көмірсутегі ресурстары мен оларды өндіруге инвестициялар көлемінің қысқаруы және оның  өндірістерді жаңғыртуға және цифрлеуге бағыт алуы. Сондай-ақ қорлардың қоржындарын әртараптандыру үшін басым салалар ретінде робот техникасы мен өнеркәсіптің түрлі салаларында жасанды интеллектті пайдалануға инвестициялар салу аталды.