Мөлдірлік, шешім қабылдау және экономикалық реформалар: сарапшылар сәтті жекешелендірудің басты шарттарын атап өтті

Мөлдірлік, шешім қабылдау және экономикалық реформалар: сарапшылар сәтті жекешелендірудің басты шарттарын атап өтті

360

08 Қыркүйек 2017

2017 жылғы 7 қыркүйек, Астана қ.  Әл-ауқат қорлары халықаралық форумының (IFSWF) жыл сайынғы 9-отырысы шеңберінде  Астана қаласында «Тиімді жекешелендіру – тәуелсіз қорлардың рөлі» атты панельдік сессия өткізілді.

Пікірталасқа қатысушылар компанияларды жекешелендіруден түскен қаражат қалай пайдаланылуы қажет, ІРО қандай жағдайларда жүргізілуі тиіс, активтерді бәсекелес ортаға қай кезде шығарған жөн, жекешелендіру барысында әртүрлі елдерден қандай сабақ алынды деген сұрақтар төңірегінде өзара пікір алмасты.  

- Біз оңтайлы жекешелендіру мерзімдерін әрбір компания үшін жеке қарастырамыз. Бұл ретте нарықтық факторлардан басқа, бірқатар өлшемдер бойынша компанияның ішкі дайындығын, оның ішінде стратегиясын, активтер периметрін, капитал құрылымын, нормативтік құқықтық реттеуді және басқа да факторларды ескереміз. Жекешелендірудің ең оңтайлы сәті қаржы нарығы көтерілген кезде, деп ойлаймыз, - деп атап көрсетті «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры (АЖҚД) Дәурен Тасмағамбетов.

АЖҚД басшысы активтердің иесі ретінде «Самұрық-Қазына» қорының рөлі кәсіпорындардың бәсекелес ортаға тиімді шығарылуын қамтамасыз ету екендігін де қоса айтты.    

Біз тиімділік дегенді активтердің құндылығына сәйкес келетін ақшалай кірісті қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикасы үшін бәсекелестікті дамыту, корпоративтік басқару стандарттарын арттыру сынды ұзақ мерзімдік құрылымдық басымдықтарды құру ретінде түсінеміз, - деп сөзін жалғады Дәурен Тасмағамбетов. – Бұдан басқа, жекелеген активтерді, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар активтерді сәтті жекешелендіру үшін реттеуші базаны жетілдіру және инвестициялық келісім талаптарын мұқият дайындау  талап етіледі.
Өз кезегінде, Khazanah Nasional Berhad инвестициялар жөніндегі атқарушы директоры Дато Мохд Изани Гани  Малайзияда жекешелендіру процесі қалай жүргізілгенін әңгімелеп берді.Оның айтуынша, 2004 жылы Үкімет мемлекеттік активтерді Қорға тапсырған кезде компаниялардың жағдайы мәз емес болған. Проблемалық активтер үшін осы компанияларды трансформациялаудың 10 жылдық бағдарламасы әзірленді.  

- Трансформациялауға қарсылықты сезгендіктен біз үшін бұл аса ауыр міндет болды. Сондықтан бізге үкіметтік деңгейде қолдау көрсетуге мұқтаж болдық, - деп атап өтті Khazanah компаниясының өкілі. – Компаниялардың құндылығын арттырған соң біз олардың берешегін төлеп, қосымша құндылық құру үшін жаңа тәжірибе, жаңа нұсқалар ұсынған жаңа инвесторларды тарта бастадық. Сөйтіп, компаниялар ақша таба бастады.    

Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі бойынша басқарушы директоры Джанет Хэкман жекешелендіру процесі үшін табыс көзіне айналғанфакторларды атап өтті. Батылдықты,  ашықтықты, сондай-ақ мемлекет тарапынан жүргізілетін реформаны олардың қатарына жатқызды. Жекешелендірудің сәтті өтуі – экономикалық реформалардың нәтижесі. Олар  әрдайым экономикалық тұрғыдан бейімді кәсіпорындар құруға жәрдемдеседі.    

- Қазір Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар өте қызықты. Бағалар құлдилап, үкімет жаңартылған стратегия қабылдады, оның нәтижесінде дағдарыс елді айналып өтті. Елдің жекешелендіру бағдарламасында өз әлеуетін арттыра түсті. Алайда жекешелендіру сәтті өту үшін орнықты валюта, белгілі бір салалар үшін субсидиялар қажет, сондай-ақ трансформациялауды тиімді басқару және ірі мемлекеттік компанияларды трансформациялау керек, - деп атап өтті ол.  

Institute of International Finance компаниясының басқарушы директоры Ханг Тран жекешелендіру процесі кезінде стратегиялық активтерді жоғалтып алу қаупіне қатысты ақыл-кеңес берді. Ол активтерді иелену компанияларды басқаруды бақылаудың жалғыз тәсілі  болып табылмайтынын ескертті. Мысалы, әуе компаниялары үшін тиісті әуежайлар мен инфрақұрылымды бақылайтын көлік әкімшілігін құруға болады.  

- Өндіріс және тиімділік мәселесін тиісті мақсатқа қайта бағдарлау үшін сіздерге компанияны бақылау және иелену қажет емес. Бұл үшін үкімет реттейтін тетіктер бар. Шағын, орта және ірі компаниялардың барлығы заңдар мен қағидаларды сақтауы тиіс.  Осылайша сіздер қызметті тиісті бағытқа бағыттай аласыздар , - деп атап өтті ол.