«Самұрық-Қазына» қорында жаңартылған инвестициялық саясат қабылданды және тұрақты даму саласындағы есеп бекітілді

«Самұрық-Қазына» қорында жаңартылған инвестициялық саясат қабылданды және тұрақты даму саласындағы есеп бекітілді

309

27 Қыркүйек 2017

27 қыркүйек 2017 ж., Астана қ. Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің (бұдан әрі - ДК) отырысында 2016 жылдың жылдық есебі, 2016 жылдағы тұрақты даму саласы бойынша есептілік бекітілді. Сонымен қатар ДК отырысында қордың инвестициялық саясаты мәселелері қарастырылды және Қордың Басқарма құрамына Жанәділ Ернар Бейсенұлы сайланды.

Инвестициялық саясатта «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық холдинг және белсенді инвестор ретінде жаңа рөлі көрсетілген. «Сары парақтар» ережелеріне сәйкес және Қазақстан аумағындағы активтерді стратегиялық инвесторлармен бірлескен инвестициялау тетігін қолдана отыра инвестициялау, тұрақты ұзақ мерзімді бағаны қалыптастыру – қордың басты инвестициялық қағидаларының бірі. Қордың жаңа инвестициялық саясаты қоржынды әртараптандыруға, экономиканың жаңа кластерлерін дамытудың салаларын құруға, сонымен қатар инвестицияларға сараптама жүргізу және инвестициялық бағаны қалыптастыру үшін сенімді инвестициялық құрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған.

- Инвестициялық саясаттың басты мақсаттарының бірі – инвестицияларды басқаруда қоржындық әдіс-тәсілді ендіру. Бұл Қордың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарына, нарықтың мүмкіндіктеріне байланысты жан-жақты іріктеуге, басымдықтарды белгілеуге, инвестицияларды тепе-тең бөлуге және одан шығуға бағытталған, - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Жылдық есепке сәйкес 2016 жылы Қордың таза активтері құны 6,8 трлн теңгеден асып жығылды. Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 7% артты. Жеке капиталдың тиімділігі 2015 жылғы 3,3%-дан 2016 жылдың қорытындысы бойынша 5,5%-ға дейін ұлғайды. Қор мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін салық және басқа төлемдер түрінде 610 млрд теңгеге көбейтті. Акционерге дивидендтер және өзге де бөлу көлемі 57 млрд теңгеге жетті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша акционер үлесіндегі жалпы кіріс 455 млрд теңгені құрап, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 2,8 есе артты.

Негізгі стратегиялық көрсеткіштер бойынша жағымды нәтижелерге кіріс қорының артуы және шығындарды жүйелі түрде қысқарту есебінен қол жеткізілді. Бизнес-процестерді стандарттауға және автоматтандыруға бағытталған кешенді шаралар арқылы Қорға кіретін компаниялар тобында операциялық қызметке жұмсалатын шығын азайтылды.

Қоржындық компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту аясында Қордың стратегиялық мақсаттарының бірі – тұрақты дамуды басқару. «Тұрақты болашаққа бастайтын жол» – Қордың тұрақты даму саласындағы 2016 жылғы есебінің басты тақырыбы. Тұңғыш рет әзірленген құжатта Қордың тұрақты даму саласындағы қызметі, 2016 жылғы нәтижелері және келешекке жоспары туралы көпшілікке арналған ақпараттық-талдау материалдары қамтылған.

Есеп GRI (Global Reporting Initiative) ұсыныстарына сәйкес түзілді. Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді тиімді және сәтті басқару мақсатында ішкі және сыртқы бағалауды ескере отыра, тұрақты даму тұжырымдамасы қабылданды. Онда тұрақты даму саласындағы 8 бастама қарастырылған: қаржылық тұрақтылық, тиімді корпоративті басқару және жетілдірілген тәуекел мәдениеті, жауапты инвестициялар, сатып алудың тиімді жүйесі, қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі, жоғары этикалық стандарттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адами әлеуетті дамыту, жағымды іскерлік бедел, мөлдірліктің жоғары деңгейі.

Басқарма құрамына Басқарма мүшесі – Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор ретінде сайланған Жанәділ Ернар Бейсенұлы бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ Қаржылық бақылаушы лауазымын, сонымен қатар Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарады.