«Самұрық-Қазына» қоржындық компанияларды IPO шығару бойынша АХҚО келіссөздер жүргізуде

«Самұрық-Қазына» қоржындық компанияларды IPO шығару бойынша АХҚО келіссөздер жүргізуде

388

06 Қыркүйек 2017

Әуелі «Эйр Астана» және «Қазатомөнеркәсіп» компанияларының акциялары саудаға шығарылады.

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры өз компанияларының акцияларын Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында ІРО шығару мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы LS журналына Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

Оның сөзінше, бүгінде қор қос бағыты мықтап қолға алған. Біріншіден, компанияларды ІРО дайындау. Оның барысы барлық алаңдар үшін бірдей жүзеге асырылады. Екіншіден, сауданы өткізу мүмкіндігі туралы АХҚО келіссөздер жүргізілуде.

«Қазіргі таңда АХҚО жұмыс жүргізіп, олардың жақын арада ашылуға ниет білдіргенін аңғардық. Егер біздің компанияларды ІРО шығару және олардың ашылу мерзімі сәйкес келсе, онда аталған алаңға шығу мүмкіндігін қарастырамыз. Бірақ оның қашан болатыны белгісіз. ІЗЩ әзірлік – тыңғылықты жұмысты талап етеді. Біз бүгінде инвестициялық банктермен және кеңесшілермен белсенді жұмыс жүргізуге кірістік. Менәіше, мерзім және акциялардың орналасу алаңы бойынша барынша оңтайлы шешім кейін қабылданады. Дәл қазір мұның барлығы сарапталуда», - деп түсіндірді ол.

Рахметовтың сөзінше, бірінші кезекте ІРО «Эйр Астана» және «Қазатомөнеркәсіп» шығарылады. Сәйкесінше аталған компаниялар бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Олардың биржаға шығарылатын мерзімі қашан белгілі болатынын айта алмаймын. Елбасының бұл бағытта асығыстыққа жол бермеу тапсырмасы көпшілікке мәлім. Ең бастысы халыққа пайдасы тигені жөн», - деп сөзін түйіндеді ол.

Атап өткен жөн, биылғы ақпан айында АХҚО басқарушы директоры Қайрат Келімбетов 2017 жылдың соңына қарай «Самұрық-Қазына» қоры тобындағы компаниялардың бірі Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы арқылы ІРО шығарылатынын алға тартты. Бірақ нақсы қайсысы екенін нақты атай алмады.