Online жекешелендіру

Online жекешелендіру

788

07 Желтоқсан 2014

Бүгінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрылымындағы кәсіпорындар мен мемлекеттік активтерді online желісінен ажырамай-ақ сатып алуға болады.

Биылғы жылы ҚР-ның Үкіметі мемлекеттік немесе Ұлттық компаниялар меншігіндегі кәсіпорындарды жекешелендірудің кезекті толқынын бастады. Жекешелендіру бағдарламасы 3 жылдық мерзімге жоспарланған және 2014-2016 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады. Бұл аралықта мемлекет (тікелей немесе қосымша ұсынылған) жеке бизнестің дамуына мүмкіндігі бар, бірақ мемлекеттік компанияның болуы оған айтарлықтай кедергі тудырып отырған сектордан кетуге міндетті.

Бұл уақыт ішінде жалпы саны 500 кәсіпорын (466 - коммуналдық меншіктегі нысандар, 34 - республикалық нысандар) нарыққа шығарылып, бәсекелестік ортаға өткізілуі тиіс. Сонымен қатар, 174 кәсіпорын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, 162 нысан ұлттық басқарушы холдигтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар тарапынан жекешелендіруге шығарады.

Жекешелендірілетін активтер мен нысандардың анағұрлым қызықты бөлігін «Самұрық-Қазына» Компаниялар тобы ұсынып отыр. Қор экономиканың нақты секторындағы вагон жөндеу кәсіпорындарынан бастап зерттеу институттарына дейінгі өзіне тиесілі 106 компаниядағы үлестерін толықтай немесе ішінара жүзеге асырады. Бұл орайда Қор өзінің жекешелендіру бойынша әріптестерінен 2 маңызды ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Атап айтсақ, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрамындағы кейбір компаниялардың жүзеге асырылуы анағұрлым кейінгі мерзімге, яғни 2020 жылға жоспарланған және 5 компания қор биржасында, соның ішінде кеңінен танымал «Халық ІРО» бағдарламасы шеңберінде сатылатын болады.

«Самұрық-Қазына» Қоры жекешелендірудің басты қағидалары ретінде ашықтықты (өнімдерді қабылдау және сауда gosreestr.kz сайтының online режимінде өтеді, Қор тарапынан активтерді жүзеге асыру жөнінде тәуелсіз сарапшылардың қатыстырылуымен Комиссия құрылған), заңдылықты (активтер due diligence талқыға салынады және кепілдіктен, сонымен қатар үшінші жақтың талаптарынан еркін болуы тиіс) және экономикалық өміршеңдікті (активтер Қор үшін анағұрлым тиімді бағамен сатылатын болады) белгілеп отыр.

Бүгінгі жекешелендірудің сонылығы жалпы жекешелендіру туралы және қазіргі таңда жекешелендірілген нысандар жайында мәліметтердің айтарлықтай ашық болып табылуында және олармен online кіру арқылы танысуға болады. Әрбір азаматтың өз жұмыс орында отырып-ақ мемлекеттік иеліктен шығарылатын активтер үшін тартысқа қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін ХҚКО-нан алған электронды сандық қолтаңба арқылы (ЭСҚ, саудаға заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалар да қатыса алады) gosreestr.kz сайтына тіркелу қажет. Сонымен қатар, жекешелендіруге қатысу үшін ең алдымен банктік есепшот ашу немесе банктік картаны алу міндетті талаптардың бірі болып табылады.

Осыдан кейін барып үміткер сатылатын нысандар тізімінен қызығушылық тудырып отырған нысан таңдап алады, саудаға қатысу туралы электронды өтінім толтырады, кепілдеме жарна (15%) төлеген соң ЭСҚ көмегімен қол қойылған құжаттар қарауға жібереді. Сауда басталуға дейінгі 24 сағаттан кейін толтырылған өтінімдер есепке алынбайтындығын естен шығармаған жөн.

Өтінімді қабылдағаннан кейін жүйе үміткерлердің электронды аукционға, электронды конкурсқа қатысуы туралы хабарлайды. Жекешелендірудің тағы бір формасы – екі кезеңді конкурс –  үміткердің белгілі бір квалификациялық талаптарға жауап беруі қажет болған жағдайда қолданылады. Аукцион немесе конкурс аяқталған соң екі жақ сатып алу-сату келісімшарттарын жасасады. Ал оның мониторнгіне «Самұрық-Қазына Контракт» жауап береді. Қазіргі таңда жалпы құны 7,37 млрд теңгені құраған 100 нысан сатылды, соның ішінде 9 актив «Самұрық-Қазына» Қорына тиесілі. Олардың жалпы құны 1,95 млрд теңгеге бағаланды. Биылғы жылы жекешелендірілуі жоспарланған 103 актив бойынша сауда әлі аяқталған жоқ. Сондай-ақ, 15 кәсіпорынның меншік иелері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрылымынан анықталады деп күтілуде.

Дереккөз: Эксперт Казахстан