Елена Бахмутова: «Сатып алушыларды тарту мен сатылым жылдамдығы арасындағы тепе-теңдікті табуымыз қажет»

Елена Бахмутова: «Сатып алушыларды тарту мен сатылым жылдамдығы арасындағы тепе-теңдікті табуымыз қажет»

949

27 Тамыз 2014

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша жекешелендірудің екінші толқыны аясында бүгінгі күнге дейін жалпы құны 1,77 млрд теңгені құрайтын 28 нысан сатылған. Коммуналдық меншіктің 12 нысаны (шамамен 80 млн теңге) және мемлекетік холдингтердің 16 нысаны (шамамен 999 млн теңге) сатылды.

Ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 64 нысанды жүзеге асыруға шығарды. Олардың қатарында бейінді де, бейінді емес те активтер бар.  Бұдан бөлек, «KEGOC» АҚ-ның 10% минус бір акциясын ІРО-ға шығару жоспарлап отыр. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқармасы Төрғасының орынбасары Елена Бахмутова kursiv.kz сайтына берген сұхбатында саудаға шығарылатын нысандарды сатып алуға клиенттерді тарту қалай жүргізілетіндігі және Қор жеке меншік секторға қандай үміт артып отырғандығы жайында баяндады.

Бахмутова ханым, gosreestr.kz порталының мәліметтері бойынша тамыз айында сатылымға шығарылған 15 активтің бірде біреуі сатылмаған екен. Оның себебі неде? Сіздің ойыңызша, инвесторларға таратылатын ақпараттың жеткіліксіздігі бұған себеп болды ма?
Комиссияның алғашқы отырысы 2014 жылдың 23-ші шілдесінде өткізілді. Аталған отырыс барысында 15 компания бойынша, оларды тамыз айында сатылымға шығару туралы шешім қабылданған болатын. Бұл жағдайда оларды жекешелендіру үшін ресмилікті сақтау қажет. Міне, комисси активтердің дайындық деңгейін есепке ала отырып осындай шешімді қабылдады. Сәйкесінше,  әрі қарай сауда туралы хабарлама жасау қажет. Әлеуетті инвесторлардың әлеуетті сатып алушылар ретінде тіркелулеріне 30 күндей уақыттары бар. Сондықтан, хабарлама жасалса да инвесторлардың қызығушылық танытып, өздерін көрсетуі үшін шамамен 30 күн керек. Біз шешім қабылдаған 15 компанияның 10-ы «ҚТЖ» АҚ-на, 4 компания «Қазақстан Инжиниринг» және 1 компания «Қазатомпром» ҰАК-на тиесілі.  25-ші тамызға дейінгі мәліметтер бойынша біздің  бір компанияның саудаға шығарылуы жайында ресми мәлімдеме жарияланды. Бұл – «Қазатомпром» құрамына кіретін «Қазгеомаш» ЖШС. «Қазақстан Инжинирингтің» үш активінің қатысу үлестерін сатып алуға келісім алынды. Олар «Bioengineering» ЖШС, «Ремсервис» ЖШС және «Марс» ЖШС. Егер компаниялар ЖШС формасында жасалатын болса, қатысушылардың бірі өз үлестерін сатуға шешім қабылдаған жағдайда құрылтайшылық келісімшарттарға сәйкес тең құрылтайшылары оны сатып алуға құқылы екендігін естеріңізге саламын. Осыған сәйкес, қатысушылар тарапынан мұндай үлесті сатып алуға білдірілген тілектер қарастырылатын болады. Жоғарыда аталған 15 компанияның қалған 11-і туралы жуық арада хабарлама жасалып, әлеуетті сатып алушыларды тіркеу процесі басталады. Дегенмен, мен инвесторларды көптеп тарту керектігін теріске шығармаймын. Әсіресе, бұл мәселе бизнесі күрделі және бизнесті жүргізу шарттарымен әлеуетті сатып алушылардың алдын-ала, тереңнен танысуын қажет ететін айтарлықтай ірі компанияларға қатысты. Біз де инвесторлармен белсенді жұмыс сауға ниеттіміз.

Қалайша?
Біз Астанада тамыздың 29-ы күні инвесторларға арналған форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Көптеген біздің объектілеріміздің Астанадан тыс жерлерде орналасқандығын ескере отырып, өңірлік аспектілерді сақтап, кездесулерді әлеуетті инвесторларға қарай жақындатуымыз керек. Қыркүйек айында нысандар орналасқан жерлерге шығып, бірнеше сапарлар ұйымдастыруға ниеттіміз. Бұл аталған өңірдің территориясындағы инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер әлеуетті сатып алушылар тарапынан туындайтын сұрақтарға анағұрлым егежей-тегжейлі жауап бере алатын біздің компаниялардың қатысуымен өткізілетін болады. Біз ашықтық пен қызығушылық танытушы сатып алушылар мен сатылым жылдамдығы арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалуға тырысудамыз.

Ғылыми-зерттеу кәсіпорынында өткен дөңгелек үстел барысында сіз data rooms, Қор активтерінің болашақ сатып алушыларына сатылымға қойылатын компаниялардың қызметімен етене танысуға мүмкіндік беретін, былайша айтқанда, мәліметтер бөлмелерін құру туралы ұсыныс жасаған болатынсыз. Сол жөнінде толығырақ айтып берсеңіз? Олар қашан өмірге келеді? Ол жерде қандай мәліметтер беріледі? Оларды пайдалануға кімдер үміткер бола алады?
Олар виртуалды немесе жергілікті бөлмелер болуы мүмкін. Ондағы коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтермен танысу үшін сатып алушы ретінде gosreestr.kz сайтында тіркеліп, процедуралар шартына сәйкес кепілдеме жарнаны төлеу қажет. Сонымен қатар, ақпаратты құпия сақтау туралы шектеу қоятын стандартты құжаттарды толтыру керек. Бұл – активтерді сату мен сатып алу кезінде жүргізілетін әдеттегі тәжірибе, басқаша айтқанда due diligence. Біздің ойымызша жалпы құны 2,5 млрд. теңгені (болжалды) құрайтын бизнесі күрделі активтер бойынша толық ақпаратпен алдын-ала танысу сатып алушылар үшін маңызды деп ойлаймыз. Біздің комиссия  тарапынан үлестері сатылып отырған компанияларға мәліметтерін data room форматында дайындауға ұсыныс жасалды. Менің ойымша компаниялар мұндай бөлмелерді қыркүйек айының екінші жартысында ашып, базаны қалыптасырады және олармен инвесторлар осы кезден бастап-ақ таныса алады.

Олар виртуалды және жергілікті бола ма?
Виртуалды бөлмелерді жасау үшін көп қаражат керек. Егер әлеуетті инвесторлардың кең шеңберін ескерсек, бұл – дұрыс та. Олардың барлығы виртуалды танысуға дайын. Әрине, мұны жергілікті орында жүзеге асыру жеңілдірек. Ол үшін аталған бөлмелерге келіп, келісімшартпен және салықтық тексерулердің нәтижелерімен, басқа да қаржылық және заңды ақпараттарымен танысып, тиісті құжаттарға қол қою қажет.

Екі кезеңді конкурс жолымен қандай нысандар жүзеге асырылады?
Директорлар кеңесімен бекітілген біздің ережеде сауданың барлық түрлері жазылған. Электронды аукцион бар. Сауданың мұндай түрі сатып алушыларды бағадан өзге ештеңе қызықтырмаған жағдайда қолданылады. бар. Электронды сауда механизміне сәйкес әлеуетті инвесторлар бірқатар шарттарды орындауға тиісті болады. Дегенмен ең бастысы – баға. Бұл жағдайда шарттар сайтта беріледі. Аталған шарттар қызмет бейіндерін, сондай-ақ, бір жыл көлемінде қызметкерлермен жасасқан ұжымдық келісімшартты және жұмыс орындарының сандарын сақтап қалуға қатысты.  Біз бір жыл ішінде әлеуетті жаңа инвесторда да қызмет түрінің бейінін өзгертіп жібере алады. Дегенмен осындай шешім қабылданатын болса, еңбек ұжымы, яғни қандай да бір адамдар да өздеріне жаңа қызмет түрін таба алады. Бұл электронды конкурсқа қатысты мәселе. 
Егер нысандар табиғи монополия тарапынан басқарылып, реттелетін болса, немесе стратегиялық маңызды нысан болып табылса, немесе ұлттық қауіпсіздік туралы заңнама аясында қызығушылық тудыратын болса әлеуетті сатып алушыға арнайы талаптар қою қажет. Мұндай жағдайда екі кезеңді конкурс өткізген дұрыс. Бірінші кезеңде әлеуетті қатысушылар ішінен ең үздіктері іріктеледі. Екінші кезеңде қаржылық ұсыныстары бар конверттер ашылады. Бұл  электронды алаң болмағанымен, анағұрлым стандартты және ашық процедура. Мұндай процедуралар бүгінгі күні тіпті сауда жасау тәжірибесінде де кеңінен пайдаланылады. Сөз екі кезеңді ашық конкурс жайында болып отыр. Аталған конкурс тиісті комиссия тарапынан жүргізіледі. Біздің компанияның ҚМГ, ҚТЖ, «Қазатомпром», «Қазақстан Инжиниринг» сияқты бірқатар еншілес холдингтері өздерінің салалық комиссиясын құрды. Олардың арнайы тағайындалған басшылары да бар. Комиссия құрамында тәуелсіз сыртқы мүшелер де бар. Егер еншілес холдингтік компаниялар сауда ұйымдастырушылар болып тағайындалса, шешімді олардың салалық комиссиялары Қор директорлары Кеңесі бекіткен ортақ ережені сақтай отырып қабылдайтын болады.

Осындай әдіс бойынша жүзеге асырылатын компаниялар іріктелді ме?
Бұл – Қор басқармасының құзырындағы мәселе. 2014 жылы екі кезеңді конкурс бойынша жүзеге асырылатын бірқатар нысандар бар. Әзірге тамыз айында мұндай әдіс арқылы саудаға шығарылатын нысандар жоқ. Қыркүйек айының басында жүзеге асырылатын нысандарды жуық арадағы комиссия барысында қарайтын боламыз. Ақпарат тиісті графиктерді қабылдаған соң жарияланады. 

Көптеген жекешелендірілетін компаниялардың бизнес-модельдері мемлекеттік тапсырыс пен ұлттық компаниялардың тапсырыстарына бағытталған. Әлеуеттік сатып алушылардың басым көпшілігін жекешелендіруден кейінгі келісімшарттар санының қысқартылуы жағдайы алаңдатып, алшақтатып жатады. Яғни, жекешелендіруден кейінде компания дәл бұрынғыдай көлемде келісімшарттар жасасып, табыс әкелетіндігіне кім кепілдік бере алады?Мен жоғарыда бір жыл көлемінде қызмет бейінін сақтап қалуға кеңес беретіндігіміз жайында айтқан болатынмын. Бұл бір жыл көлемінде компанияның өміршеңдігін сақтап қалу үшін беріліп отырған кепілдеменің бір түрі десек те болады. Дегемен, бизнесті сатып ала отырып, болашақта оны сақтап қалудың ешқандай кепілдемесі жоқ екендігін түсінген жөн. Сатып алушының ұтар да, ұтылар да тұстары да бар. Әрине, әлеуетті қамтамасыз етушілермен де, сатып алушылармен де қарым-қатынас орнатқан дұрыс. Бұл жаңа бизнес және жаңа стратегия. Сондықтан бизнестің мән-мағынасын және оның қор тобына кіретін басқа да компанияларымен байланысын жан-жақты танып, тереңнен түсіну үшін сатып алушының жеткілікті уақытының болғаны абзал. Егер де қор компаниялары жағынан да, жекешелендіруден кейін Қор тобына кірмеген компаниялар жағынан да өзара тиімді шартта қарастырылып жатса бұл байланысты сақтауға ешкімде тыйым салмайды. Бизнесте жасандылық орын алып жатса, оны жоюға қор компаниясы мүдделі, ал жаңа бизнестің мүддесі – жаңа нарықтық тауашаны (ниша) және жаңа серіктестерді табу. Біз жаңа жеке меншік сатып алушылармен компанияның жаңа мүмкіндіктері пайда болады дегенді негізге аламыз. Ал жаңа мүмкіндіктер компанияның дамуына жаңа серпін береді.

Қордың сараптамалық-консультациялық кеңесінің отырысында сіз «KEGOC» АҚ-ның халықтық ІРО-ға шығарылуы үшін алдын-ала тарифтік реттеу аясында реформа жүргізілуі қажет екендігін атап өттіңіз. Бұл жайында 2013 жылы да бірнеше мәрте мәлімдеме жасалған болатын. Аталған бағытта қандай шаралар жүргізілуде?
Аталған бағыттағы жұмыстар толық аяқталды. Бұл мәселе төңірегінде көптеген пікірталастар орын алды. Бірақ, қор нарығына шыққан алғашқылардың бірі «Қазтрансойл» компаниясының тарифтік реттеу тәжірибесі негізге алынды. Біз осы үлгіні негізге алып отырып, іріктелген және тексеруден өткен тәсілдерді пайдаландық. Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің бұйрығы бойынша тарифтік смета мен тарифтердің жаңа өзгертілген деңгейлері бекітілді. Ең бастысы олардың барлығы «Қазтрансойл» компаниясындағыдай нарықтық принциптер негізінде жасалды. Тарифтік құрудағы жаңа тәсіл тарифтерді қалыптастыруда компания шығындарын әділетті түрде есептеуге мүмкіндік береді. Біз бұл қадамдар әлеуетті акционерлердің күткен үміттерін қалыптастыруға, яғни компанияның кұнын бағалауға оң әсер етеді деп күтеміз.


Сондай-ақ, сіздің айтуыңызша «KEGOC» акцияларын биржаға орнастырмас бұрын заңнамаға, тіпті акциялардың қандай да бір бөлігін тұрғындарға сату шартты болған жағдайда да, «KEGOC»-тың стратегиялық нысандарын сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірқатар түзетулер енгізу қажет. Бұл түзетулердің мәнісі неде?
Өте дұрыс. Заңнамаға бірнеше түзетулер енгізілді. Атап айтар болсақ, тамыз айында «Иеліктен шығаруға жатпайтын объектілер тізбесі туралы» ҚР-ның Президентінің Жарлығына қол қойылған болатын. 2014 жылдың 2-ші шілдесінде «Мемлекеттік басқару мәселелерінің кейбір мемлекеттік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Аталған заң аясында жеке немесе заңды тұлғалар тарапынан ұлттық электр желілерін иеліктен шығаруға, сондай-ақ үшінші жақтың ауыртпалық түсіруіне тыйым салатын ережелер қабылданды. Бұдан басқа, аталған заңда ұлттық басқару холдингіне, бұл орайда «Самұрық-Қазына» қорына «KEGOC» ұлттық компаниясының акцияларын 10% минус 1 акциядан төмен көрсеткіште иеліктен шығаруға шектеулер енгізілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қордың қандай шетелдік активтерін жүзеге асыру жоспарланған? Және бұл қандай формада жүргізіледі? Сыртқы инвесторлар бұған қатыса алады ма?
Өздеріңізге белгілі жүзеге асырылатын барлық активтердің тізімі 2014 жылдың 12 мамырында №429 қаулысына сәйкес бекітілген болатын. Бұл қаулыда жүзеге асырылатын активтер жылдары бойынша көрсетілген. Қаулыға сәйкес шетелде орналасқан активтердің жүзеге асырылуы 2015 жылға жоспарланған. Атап айтсақ, 8 актив елімізден сырт жерлерде орналасқан. Оның 3-уі Румынияда, 1-уі Грузияда, 1 актив Қырғызстанда және 3 актив Украинада. Бұл нысандардың әрбіреуі нарыққа шығардан бұрын жан-жақты дайындықты қажет етеді. Олардың кейбіреулері бойынша заңнамалық сипатына сәйкес олардың тіркелулеріне байланысты шектеулер қойылуы мүмкін.  Сондықтан бұл жұмыс басталып та кетті. Оның барысында елдің тәукелін де ескерген жөн. Украинада екі нысан орналасқан. Олар «Қазақойл Украина» ЖШС және «Херсан мұнай өңдеу зауыты» ЖАҚ. Сөзсіз,  олар бойынша ағымдағы саяси және экономикалық жағдайды ескерген дұрыс. 
Біздің активтерді жүзеге асыру ережелеріне сәйкес тиісті комиссияның әлеуметті сатып алушыларға, соның ішінде олардың резиденттеріне талаптар қою құқығы бар. Қазақстаннан тыс жерлерде тіркелген активтерге резидент емес тұлғаларды ма, әлде тікелей Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғаларды тарту қажет пе деген  мәселесі турасында шешімді жан-жақты таразылап барып қабылдау қажет. Бұл мәселелерді белгілі бір жағдайларға орай активтеріне байланысты қарастырған жөн.

Ғылыми-өндірістік кәсіпорын өкілдерінің жүргізілген сауда туралы мәліметтерде өңірлердің ғана емес, сондай-ақ сатып алушының да аты-жөнін көрсету керек деген пікіріне қалай қарайсыз?
Жалпы мен бұл мәселе жайында оң пікірдемін. Сатып алушының аты-жөнін (компанияның атауын) ашып көрсетсек жақсы болар еді, бірақ заңдық ресмилілікті сақтауымыз қажет. Сатып алушыны ол туралы ақпаратты ашу ниеті жайында құлағдар еткен дұрыс. Сатып алушы әу бастан-ақ ол туралы ақпаратты жариялайтындығымыз жайында білгені абзал. Әрине, ол өзі туралы ақпаратты ашуға келісімін берген жағдайда біз оларды жариялай аламыз. Негізінен мемлекеттік органдармен, соның ішінде бірініш кезекте Қаржы министрлігімен бірлесе отырып жекешелендірілетін активтерге қатысты ортақ амал дайындасақ дұрыс болар еді. Себебі активтерге қатысты бірізділік болу қажет.

Ғылыми-өндірістік кәсіпорыннан немесе басқа да бизнес-ассоциациялары тарапынан жеке меншік секторға өткізуге болады-ау деген компанияларға қатысты ұсыныстар келіп түскен жоқ па?
Әзірге мұндай ұсыныстар болған жоқ. Қайта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизімін кеңінен қолдану қажет деген ұсыныстар болды.  Соның ішінде, кейіннен жекешелендірілетін акцияларды басқаруға тапсыру механизмін қолдану жайында пікірлер айтылды. Мәселе оның қанша уақытты қажет ететіндігінде. Алдымен сенімгерлікпен басқару шарты бойынша қандай да бір сатылым алды дайындық өткізілуі қажет. Содан кейін ғана нысанды жекешелендіру жүргізіледі. Қазіргі таңда қандай да бір нақты ұсыныстар болған жоқ, дегенмен олар болады деп ойлаймын және Қор оларды, сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті де, қарастыруға дайын. 

Дереккөз: Курсив.kz