Жекешелендіру құны

Жекешелендіру құны

1015

11 Тамыз 2014

Жекешелендіру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын 106 активтің меншікті капиталының жиынтық құны шамамен 700 млрд. теңгені құрайды. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының мүшесі – қаржы директоры Нұрлан Рахметов BNews.kz студиясының online-конференциясы барысында хабарлады. 

«Егер жекешелендірудің екінші толқыны барысында сөз болып отырған барлық 106 активті алсақ, меншікті капиталының жиынтық құны шамамен 700 млрд. теңгені құрайды. Бұл бухгалтерлік құн.  Егер 2014 жылдың соңына дейін жеке меншік секторға шығарылуы жоспарланған 64 активті алсақ, олардың меншік капиталы шамамен 5 млрд. теңгені құрайды. 700 млрд. теңге біздің барлық активтеріміздің шамамен 9%-ы. Бұл бухгалтерлік құн екендігін тағы да қайталап өтемін. Активтердің нықты бағасы бұл көрсеткіштен жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп бойынша жасалған сандар және нысанның нақты нарықтық бағасы –екеуі қашанда екі басқа нәрсе»,- деді Нұрлан Рахметов. Сонымен қатар, ол жекешелендіру барысында қандай қаражат алынатындығын алдын ала болжап бағалап айту қиын екендігін ерекше атап өтті.

«Сөзсіз, біз АҚШ, Батыс Еуропа, Ұлыбритания және басқа елдердің әлемдік тәжірибелерін тағы бір қайта зерттедік. Олардың жекешелендіруі ақша табуға көзделген болатын. Және де бұлар жекешелендіру барысында мол қаражат алды. Ал біздің мақсатымыз тіптен өзгеше. Біздің мақсатымыз – экономиканы анағұрлым тұрақты ету. Сөйтіп, шағын және орта бизнестің көбірек экономикаға қатысуына мүмкіндік беру. Сондықтан да ақша – басты басымдылық емес», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қаржы директоры.

ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесе отырып Мемлекет Басшысының тапсырмасын орандау аясында жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарын дайындағанын еске саламыз. 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қор құрамындағы 106 актив пен нысанды жекешелендіру жоспарланып отыр. Соның ішінде 64-ін 2014 жылдың соңына дейін жеке меншік сектордың қолына тапсыру көзделген. 
Қазіргі таңда 2014 жылдың тамыз айында активтер мен нысандарды жүзеге асырдуың іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған құжаттарға сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ құрамынан 15 компания жеке меншік секторға өтеді. 
 

Тамыз айындағы Жекешелендіру бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жүзеге асырылатын активтері мен нысандары туралы ақпарат   http://sk.kz/section/7161 сайтында.
Сондай-ақ, тамыз айында сатуға қойылатын барлық активтердің паспорты «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің  (www.skc.kz) сайтында берілген. 
Әлеуетті сатып алушылар саудаға қатысу ережелері немесе Қордың жекеленген активтері мен нысандары туралы, жалпы жекешелендіру жайында  ақпаратты call-орталықтың  + 7 (7172) 55 22 66 байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы біле алады.