«Қазойлмаш» ЖШС сатылған жоқ

«Қазойлмаш» ЖШС сатылған жоқ

260

16 Наурыз 2017

«Қазойлмаш» ЖШС-іне қатысты бағасы жоғарылатылған аукцион өткен жоқ. Бұл сауда-саттық кезінде 2-ден кем қатысушының болуына байланысты.

Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы - 450 000 теңге.

Саудаға қатысудың кепілдік жарнасы – 67 500 теңге.

«Қазойлмаш» ЖШС – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ активі. Жарғы бойынша компания мұнай-газ компанияларына сервистік қызметтер көрсетуі тиіс болатын. Бірақ, құрылғаннан бері қаржы-шаруашылық қызмет көрсетілмеген.  Ақтау қаласында орналасқан.

2017 жылғы 1 наурызда өткізілген аукцион 2-ден кем қатысушының болуына байланысты өткен жоқ.

Толық ақпарат www.gosreestr.kz алаңында