«Біріккен химиялық компания» ЖШС «БХК Инжиниринг» ЖШС-нің 25% қатысу үлесін сатты

«Біріккен химиялық компания» ЖШС «БХК Инжиниринг» ЖШС-нің 25% қатысу үлесін сатты

378

06 Наурыз 2017

«Біріккен химиялық компания» ЖШС «БХК Инжиниринг» ЖШС жарғылық капиталының 25% қатысу үлесін голландтық аукционда  7 398,12 теңгеге сатты.

БХК Инжиниринг» ЖШС өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, экология, құрылыс, энергетика саласында инжиниринг, консалтинг және жобалау жұмыстарымен айналысады. Астана қаласында орналасқан.

«БХК Инжиниринг» ЖШС-нің 30 % қатысу үлесі Tecnimont S.p.A. компаниясына, 45% қатысу үлесі Officium Projects Ltd компаниясына тиесілі.
2017 жылғы 10 қаңтарға және 8 ақпанға жоспарланған аукциондар, 2-ден кем қатысушының болуына байланысты өтпеген еді.

Толық ақпарат  www.gosreestr.kz  электронды алаңында.