«ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% акциясы қайта сатылымға қойылды

«ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% акциясы қайта сатылымға қойылды

391

17 Қаңтар 2017

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ «ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% акциясын қайтара сатылымға шығарды. Бағасы төмендетілген электронды аукцион 2017 жылғы 14 ақпанда өтеді.

«ЗИКСТО» АҚ 42,13% акциясының бастапқы бағасы – 2 362 173 000 теңге; «ЗИКСТО» АҚ темір жол саласындағы жабдықтарды, керек-жарақтарды шығарады. Петропавловск қаласында орналасқан.

Компанияның акционерлері «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ (42,13%) мен «Премиумвагонкомплект» ЖШС (54,51%), жеке тұлғалар (3,36%).

«ЗИКСТО» АҚ 42,13% акциясын сату бойынша, 2017 жылғы 17 қаңтарға белгіленген электронды ағылшындық аукцион бастапқы сауда-саттық кезінде 2-ден кем қатысушының болуы себепті өтпей қалған еді.  

Толық ақпарат www.gosreestr.kz электрондық алаңында.