«ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% акциясы мен «Индра Қазақстан Инжиниринг» ЖШС-нің 49% қатысу үлесі сатылған жоқ

«ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% акциясы мен «Индра Қазақстан Инжиниринг» ЖШС-нің 49% қатысу үлесі сатылған жоқ

251

29 Мамыр 2017

«ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% акцисын сату бойынша алғашқы сауда-саттық өткен жоқ. Бұл сауда кезінде 2-ден кем қатысушының болуына байланысты.

Сондай-ақ, «Индра Қазақстан Инжиниринг» ЖШС-нің  49% қатысу үлесін сату бойынша ағылшындық электронды аукцион да өткен жоқ.

«ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% акцисы мен  «Индра Қазақстан Инжиниринг» ЖШС-нің  49% қатысу үлесі «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ға тиесілі.

«ЗИКСТО» АҚ 42,13% акциясының бастапқы бағасы – 2 362 173 000 теңге; «Индра Қазақстан инжиниринг» ЖШС жарғылық қорындағы 49% қатысу үлесінің бастапқы бағасы – 58 331 000 тенге;

«ЗИКСТО» АҚ темір жол саласындағы жабдықтарды, керек-жарақтарды шығарады. Петропавловск қаласында орналасқан.

«Индра Қазақстан инжиниринг» ЖШС әскери жабдықтарды шығарып, жөндейді. Алматы қаласында орналасқан.