«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 12,87% акциясын сату бойынша аукцион 31 қаңтарда өтеді

«Каскор-Транссервис» АҚ-ның 12,87% акциясын сату бойынша аукцион 31 қаңтарда өтеді

316

12 Қаңтар 2017

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ «Каскор-Транссервис» АҚ-ның  12,87% акциясын үшінші мәрте сатуға шығарады.

Бағасы төмендетілген электронды аукцион 2017 жылғы 31 қаңтарда өтеді.

Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы - 565 199 000 теңге.

«Каскор-Транссервис» АҚ темір жол қызметтерімен, Ақтау қаласының өндірістік аумағында вагондарды кірме жолдарға беру, әкетумен айналысады.

Бұған дейін, 2016 жылғы 18 қарашаға және 23 желтоқсанға жоспарланған, бағасы жоғарылатылған және төмендетілген аукциондар сауда-саттық кезінде 2-ден кем қатысушының болуына байланысты өткізілмеген болатын.

Толықтай ақпарат gosreestr.kz сайтында.