«Самұрық-Қазынада» Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің болашағын талқылады

«Самұрық-Қазынада» Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің болашағын талқылады

780

03 Маусым 2022

«Самұрық-Қазына» Қазақстанда билік, бизнес және қоғам арасындағы диалогты күшейтуді қолдайды. Ол үшін ірі компаниялар мен мемлекеттік ведомстволардың жанында қоғамдық кеңестер (ҚК) тиімді жұмыс істеуі тиіс.

Бұл туралы бүгін өткен «Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру және мақсат қою» стратегиялық оқу сессиясында мәлімдеді. Оның ұйымдастырушысы – «Eurasian Expert Council» ҮЕҰ. Сессия ҚР АҚДМ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЖАҚ-тың «Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді. 

«Самұрық-Қазына» қоры билік пен квазимемлекеттік сектордың ҚК өкілдерін: ҚР АҚДМ, «Бәйтерек» холдингі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы», «Қазақстанның Азаматтық альянсы», «Отбасы банк», «Қазавтожол», «KazakhExport», «Ұлттық ақпараттық технологиялар», «Қазақстан инжиниринг» және басқаларын бірге жинап, бірыңғай пікірталас алаңына айналды. 

Олар қазіргі жағдайда ҚК-нің тиімді жұмысына қалай қол жеткізу керектігін талқылады. Осындай кеңестердің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық база және ҚР Қоғамдық кеңестер туралы заңына соңғы өзгерістер келтірілді. Әңгіме тақырыбы қоғамдық көңіл-күйді өлшеу тәсілдері, корпорациялардың қызметін бақылау жолдары болды. Қазақстандық ҚК қызметі халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс екендігі ерекше атап өтілді: мысалы, БҰҰ Даму бағдарламасы әзірлеген әдіснамалар.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев ҚК корпорациялардың барлық мәселелерін шеше алмайтынын, бірақ олардың басшылығы мен азаматтық қоғам арасында диалог алаңын құратынын мәлімдеді: «Бұл ашық алаң, онда қандай да бір ұсыныстың іске асырылған-асырылмағаны жөнінде сұрауға болады. Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікіріне сүйене отырып, ұсынылатын шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар».

Анықтама:

«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі 2021 жылғы желтоқсанда кандидаттарды ашық конкурстық іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында он адам: азаматтық қоғамның жеті өкілі және Қордың үш өкілі. Кеңес Бас Қордың да, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.