«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Stadler CIS AG» басшылары теміржол саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Stadler CIS AG» басшылары теміржол саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

514

03 Маусым 2022

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Stadler CIS AG» швейцариялық компаниясының басқарушы серіктесі Александр Люфтпен кездесті.

Тараптар Мемлекет басшысының 2021 жылғы қарашада Швейцарияға барған сапары барысында, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Stadler» компаниясымен қол қойған Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелерін талқылады.

«Stadler» - теміржол жылжымалы құрамын өндіретін компания, ол өңірлерге қатынайтын пойыздар мен трамвайларды шығаруға баса назар аударады. Компания тауашалы өнімдерге маманданған және тісті теміржолдарға арналған жылжымалы құрамның соңғы еуропалық өндірушілерінің бірі. Холдинг Алжир, Германия, Италия, Нидерланд, Австрия, Польша, Швейцария, Чехия, Венгрия, Белоруссия және АҚШ-та орналасқан тоғыз еншілес компаниялардан құралған.