Пламен Атанасов келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы лауазымынан кетеді

Пламен Атанасов келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы лауазымынан кетеді

719

10 Маусым 2022

Бүгін «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы Пламен Атанасов келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты компаниядағы жұмысын аяқтайды.

«QAZAQ AIR» АҚ Пламен Атанасовтың басшылығымен бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша әуе компаниясының жолаушылар ағыны өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға ұлғайды, ал EBITDA көрсеткіші 469 млн. теңгеге жетті. 

Пламен Атанасов «QAZAQ AIR» компаниясында жұмыс істеген үш жыл ішінде үш ұшақтың қымбат тұратын валюталық лизинг шарттары қайта құрылымдалды, екі жаңа әуе кемесі пайдалануға берілді, жеке авиациялық-оқу орталығы ашылды, IOSA сертификаттаудан өтті, IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ресми мүшесі болды, Ресейдің шекаралас қалаларына және Қазақстанның жету қиын өңірлеріне жаңа рейстерді іске қосты.

Қор Атанасов мырзаға «QAZAQ AIR» ұлттық әуе компаниясының және жалпы Қазақстанның азаматтық авиациясының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді және кәсіби деңгейде орындалған жемісті еңбегі үшін алғыс білдіреді.