«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Yildirim Holding» Түрік компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Yildirim Holding» Түрік компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

601

15 Маусым 2022

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Yildirim Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырыммен кездесті.

Тараптар газ саласындағы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Сондай-ақ «Yildirim Holding» компаниясы жақын арада бәсекелестік ортаға берілетін «Tau-Ken Temir» және «Silicon Mining» компанияларын сатып алуға қызығушылық танытты.

«Yildirim» компаниялар тобы металлургия және тау-кен өндіру саласында, порттарды басқаруда, көмір және кокс өнеркәсібінде, тыңайтқыштар мен химикаттар өндірісінде, энергетика индустриясы және теңіз кеме қатынасында жаһандық ойыншы болып табылады.