Қоғамдық кеңес «Samruk-Kazyna Trust» есебін тыңдады

Қоғамдық кеңес «Samruk-Kazyna Trust» есебін тыңдады

638

27 Маусым 2022

Қоғамдық кеңестің отырысын ашарда «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың сөзіне қарағанда, «Samruk-Kazyna Trust» қоры 2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларын және бұқаралық спорт, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, өңірлерді кешенді өркендету бастамалары аясында 32 әлеуметтік жобаны іске асырып, жарты миллионға жуық адамды қамтыды. Жобалардың бюджеті 7,13 млрд теңгені құрады.

«Қордың 2022 жылға арналған Қайырымдылық бағдарламасы 10 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде бүгінде 4,18 млрд теңгенің 14 жобасы мақұлданды. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға өтінімдер коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерден қабылданады», - деді есептік сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Мақұлданған жобалар арасында аутистік спектрдің аурулары мен ментальді бұзылыстары бар балаларға арналған 8 орталық құру, дамуы бұзылған және олардың туындау қаупі бар балаларға ерте диагностикалық және абилитациялық көмек көрсету бойынша 13 ерте араласу орталығын құру, сондай-ақ Атырауда ерекше балаларға тегін көмек көрсету бастамасы бар.

2023 жылдан бастап қайырымдылық жобаларын іске асыру кезінде олардың 30%-ында жалпы елдік мәселелерге көңіл бөлінсе, ал 70%-ында «Самұрық-Қазына» компаниялары бар өңірлерге басымдық беріледі», - деді есептік сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы қызметін орындайды. Әлеуметтік және медициналық секторларда халыққа көмек көрсету, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестициялар, топ компаниялары қатысатын өңірлерде әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларын іске асыру Қордың басым бағыттары саналады.