IPO бағдарламасы «Богатырь Көмір» ЖШС және Екібастұз 1 мен 2 МАЭС қызметкерлер алдында таныстырылды

IPO бағдарламасы «Богатырь Көмір» ЖШС және Екібастұз 1 мен 2 МАЭС қызметкерлер алдында таныстырылды

448

20 Қыркүйек 2022

20 қыркүйек күні «Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК, «Қазпошта» АҚ өкілдері Екібастұз 1 мен 2 МАЭС және «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің алдында IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін таныстырды. Іс-шараның спикерлері де қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері болды.

Сарапшылар жұртшылықты «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Брокерлік ұйымдардың өкілдері Қордың ағымдағы IPO бағдарламасының ерекшеліктері туралы айтып берді. Бағдарламаға ҚР азаматтары мен резиденттері, сондай-ақ институционалдық және халықаралық инвесторлар қатыса алады. Бұл ретте, бірінші кезекте ҚР азаматтарына өтінімдері қанағаттандырылады. 

Олар әлеуетті инвесторларды алаяқтық қаупі туралы да ескертті. Біріншіден брокелредің лицензияның болуын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, KASE Қазақстан қор биржасының және Astana International Exchange (AIX) биржасының сайттарында тексеру қажет.

Еске саларлық, дәл осылай 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ мамандандырылған ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.

Анықтама:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ 7 ірі активі ішінара бәсекелі ортаға шығарылады, олардың 6-ы IPO арқылы шығарылмақ. «ҚазМұнайГаз» IPO-сы осы жылға жоспарланған, олар AIX және KASE алаңдарында жарияланады.