«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

449

20 Қыркүйек 2022

«Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері 20 қыркүйекте ақпараттық-түсіндіру кездесулері науқанының аясында Қарағанды қаласының тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті. Қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де іс-шараның қатысулары болды.

Сарапшылар тұрғындарды «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялары IPO-сының іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO кандидаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Фото_Караганда (2).JPG

«Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов атап өткендей, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын қолдайды. Сондықтан Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды ақпараттандыруға бағытталған. 

«Халықты ақпараттандыру маңызды әрі өте жауапты міндет болып табылады, қазір алаяқтық топтар аса белсенділік танытуда, олардың мақсаты – азаматтарымызды алдау арқылы пайда табу. Біз қазақстандықтарды барынша көп қамтып, IPO бағдарламасына қатысудың шын мәніндегі заңды құралдары мен тетіктері туралы айтуымыз керек. Біздің ақпараттандыру тобымыз 14 күн ішінде 15-тен астам қалалар мен елді мекендердің тұрғындарымен, сондай-ақ Орталық және Шығыс Қазақстан өңірлерінің өндірістік кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізеді», - деп атап өтті Дәурен Ақшалов. 

WhatsApp Image 2022-09-21 at 12.43.32.jpeg

Спикер IPO мүмкіндіктері жайлы, «Бірінші кезекте Қор компанияларының акцияларын өткізу жеке тұлғалар арасында жүргізіледі және әрбір қазақстандықтың ҚМГ акцияларын сатып алуға және Қазақстанның ірі мұнай-газ компаниясының бірлескен иесі болуға мүмкіндігі болады» - деп толықтырып өтті. 

Кездесуге қатысушылар инвестициялаудың баламалы тәсілі ретінде IPO тетіктері жайында білді. 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.