«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Балқаш қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Балқаш қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

464

23 Қыркүйек 2022

«Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері ақпараттық-түсіндіру кездесулері науқанының аясында Балқаш қаласының тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті. Қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де іс-шараның қатысушылары болды.

Сарапшылар тұрғындарды «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялары IPO-сының іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO кандидаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің аға менеджері Уәлихан Дидарбеков атап өткендей, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын қолдайды. Сондықтан Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысы «біздің еліміздің азаматтары ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алып, салымдардан өз дивидендтерін алуға мүмкіндігі болуы тиіс» деп атап көрсетті. Осылайша, IPO Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді болуы тиіс. Мемлекет ұлттық әл-ауқаттың негізгі тірегі ретінде мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасын жандандыруға нақты белгі берді. Қор, өз кезегінде, алдағы үш жылда өзінің 8 ірі активін (Қазпошта, ҚазМұнайГаз, QazaqGaz, Qazaq Air, Самұрық-Энерго, Эйр Астана, Тау-Кен Самұрық, ҚТЖ) бәсекелес ортаға шығаруға толық дайындығын білдіріп, биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сын өткізуді көздейді. Негізгі мемлекеттік активтерді IPO-ға қатысуға шақыру - қазақстандықтарға ашық, тиімді және коммерциялық жағынан пайдалы мемлекеттік кәсіпорындарды құруға қатысу белгісі», - деп атап өтті Уәлихан Дидарбеков.

Спикер IPO мүмкіндіктері жайлы, что «ҚазМұнайГаз» өңірдегі геосаяси жағдайға байланысты сыртқы құбылмалылыққа қарамастан, қаржылық тұрақтылықты көрсетіп отыр. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның түсімі бірден 57,5%-ға (4 203 млрд теңгеге) өсті, таза пайда
677 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Сондай-ақ көміртегі шикізатын өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемі пропорционалды түрде ұлғайды. Акцияларды иелену қазақстандықтардың компанияның дамуына, ал онымен бірге Қазақстан үшін аса маңызды мұнай-газ саласына ықпал етуге мүмкіндік береді.» - деп толықтырып өтті.

Кездесуге қатысушылар инвестициялаудың баламалы тәсілі ретінде IPO тетіктері жайында білді. 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде
6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.