«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулеріне қатысты

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулеріне қатысты

423

26 Қыркүйек 2022

Алматы және Жетісу облыстарында жекешелендіру және IPO тақырыптары бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті, оған екі облыстың да Қазақтелеком құрылымдық бөлімшелері қатысты. Қызметкерлер жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен, бағалы қағаздар нарығында инвестициялаудың тетіктерімен және тәуекелдерімен танысты, сондай-ақ IPO тақырыбына қатысты қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ, банктер, брокерлік ұйымдар өкілдері және қор нарығының мамандары бар арнайы құрылған делегация бүкіл ел бойынша халықпен, компания қызметкерлерімен және түрлі өндірістік объектілердің қызметкерлерімен тиісті ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізеді.
27 қыркүйекте сарапшылар Өтеген батыр ауылының тұрғындарымен және Іле РПУТ ОДС жұмыскерлерімен кездесті, келесі күні Жетісу өңірінің орталығы – Талдықорғанда Алматы өңірі ОДС РУСД қызметкерлері үшін IPO бағдарламасының активтері таныстырылды. Екі кездесуде де «Самұрық-Қазына» қорының активтерін жекешелендіру бағдарламасы және бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы туралы ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2022-09-26 at 14.12.35.jpeg

«Мемлекет басшысы еліміздің қарапайым азаматтарының ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алуға және осы салымдардан өз дивидендтерін алуға мүмкіндігі болуы тиіс екенін, ал бұл үшін, ең алдымен, азаматтарға бағдарламаның мерзімдері туралы, сондай-ақ акцияларын бастапқы орналастыруға шығару көзделетін компаниялардың мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат беру қажет екенін бірнеше рет атап өтті. Қор өз тарапынан оған барынша ықпал етуге тырысады»,-деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен кездесу барысында «Самұрық-Қазына»  АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері Айжан Қайратова.

Спикердің ақпараты бойынша, «Самұрық-Қазына» қоры алдағы 4 жылда ірі активтерін, соның ішінде «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Эйр Астана» және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамдарын бәсекелес ортаға шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Қордың негізгі күш-жігері өңірдегі геосаяси жағдайға байланысты сыртқы құбылмалылыққа қарамастан, «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сын дайындауға бағытталған. Осылайша, көміртегі шикізатын өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу көлемінің ұлғаюының арқасында, ҚМГ-ның түсімі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 57,5%-ға (4,2 трлн теңге) өсті, компанияның таза пайдасы 677 млрд теңге деңгейінде қалыптасты.

WhatsApp Image 2022-09-26 at 14.12.35 (1).jpeg

Еліміздің ірі телеком-операторы бөлімшелерінің бірнеше жүздеген қызметкерлері қатысқан ақпараттық-түсіндіру кездесулері кезінде қатысушылар тарапы мұнай-газ компаниясының акцияларын сатып алуға аса қызығушылық танытты. 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен осындай кездесулер өтетінін естеріңізге сала кетейік.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.