«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Семей қаласы мен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Семей қаласы мен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

424

26 Қыркүйек 2022

«Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері Семей және Курчатов қалаларының тұрғындарымен және қонақтарымен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Семей қ. бөлімшесінің және «СемАз» ЖШС еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесті. Іс-шаралар топ компанияларының IPO-ға шығу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру науқаны шеңберінде өтті. Кездесуге қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері қатысты.

Сарапшылар кездесуге қатысушыларды «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялары IPO-сының іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO кандидаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің аға менеджері Уәлихан Дидарбеков атап өткендей, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын қолдайды. Сондықтан Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандыруға бағытталған. 

Фото_Уалихан Дидарбеков (1).JPG

«Негізгі мақсат – мемлекеттің ел экономикасындағы үлесін айтарлықтай азайту. Бәсекелес ортаға толық немесе ішінара беру үшін барлық активтер ағымдағы жылғы тамызда Үкімет қабылдаған жаңартуларды ескере отырып, 2020 жылы бекітілген Жекешелендіру жоспарында көрсетілген. Кешенді жоспарды одан әрі іске асыру «Самұрық-Қазына» қорына өз активтерінің құрылымын оңтайландыруға, компаниялар жұмысының тиімділігін арттыруға, технологиялар трансферті үшін жағдайлар жасауға, экономиканың негізгі салаларын дамытуға және Ұлттық қорға капитал тартуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жекешелендіру шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді», - деді Уәлихан Дидарбеков.

Спикер «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы бірден бірнеше себептерге байланысты қазақстандық экономика тарихында прецедент жасап отырғанын да атап өтті. Біріншісі - активтері 11 трлн теңгеден асатын еліміздегі ең ірі мұнай-газ компаниясын орналастыру. Екіншісі – жария орналастыру тек жергілікті нарықта өтеді, бұл қазақстандық жеке инвесторларды сауда-саттыққа барынша көп тартады. Үшіншісі – нарық конъюнктурасы ішкі нарықта сауда-саттық жүргізу үшін бірегей сәт туралы айтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» өңірдегі геосаяси жағдайға байланысты сыртқы құбылмалылыққа қарамастан, қаржылық тұрақтылықты көрсетіп отыр».


Кездесуге қатысушылар инвестициялаудың баламалы тәсілі ретінде IPO тетіктері жайында білді. 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.

WhatsApp Image 2022-09-27 at 16.37.06 (1).jpeg

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.