«Самұрық-Қазына» Қоры Ақтөбе облысындағы еңбек дауларын шешуге көмектеседі
661
28 Қыркүйек 2022
"Самұрық-Қазына" Қоры мен Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде ынтымақтасуға келісті. “Самұрық-Қазына” АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов өңір басшысы Ералы Тоғжанов бастаған делегацияның кездесуінде тиісті меморандумға қол қойды.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, Ақтөбе облысындағы "Самұрық-Қазына" Қорының портфельдік компанияларында туындайтын әлеуметтік-еңбек саласындағы барлық даулы мәселелер, әсіресе қызметкерлер мен топ-менеджерлер арасындағы еңбек даулары Қор өкілдерінің қатысуымен реттелетін болады. "Самұрық-Қазына" олар туралы әкімдікті хабардар етуге міндеттенеді, сондай-ақ өңірдің әкімдігіне, кәсіподақтарына, жұмыс берушілер мен ірі компаниялардың бірлестіктеріне әлеуметтік тұрақтылық индексін (SRS) айқындауда жәрдемдесуге міндеттеме алады. Сонымен қатар, Қор өкілдері "Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі" жобасы аясында кәсіподақтар көшбасшылары мен келісім комиссияларының өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізеді.
"2017-2022 жылдары Ақтөбе облысында көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асырдық. Ол үшін 1,7 млрд теңге бөлінді. Біз осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жүзеге асыруға дайынбыз. Биыл әкімдікпен және ҮЕҰ-мен бірге жүзеге асыруға ниетті бірқатар жобаларымыз бар", - деді Ғибрат Ауғанов.
Ақтөбе облысына сапары аясында "Самұрық-Қазына" делегациясы Қордың өңірдегі портфельдік кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен, "ERG Қазхром" компаниясымен (Ақтөбе ферроқорытпа зауыты), Білім және медицина қызметкерлерімен кездесті.
{{ $t('messages.news1') }}
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов итальяндық ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ Қор компаниялар тобының басшылары атынан әлеуметті...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» 7 компаниясы акциялары нарықта саудалануда – «Эйр Аст...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ KASE жылдық есептер конкурсының лауреаты атанды