Қостанай облысында IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қостанай облысында IPO мәселелері бойынша  ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

541

29 Қыркүйек 2022

29 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері бүкіл Қазақстан бойынша өткізілетін жекешелендіру және IPO тақырыптары бойынша кең ауқымды науқан шеңберінде, Қостанай облысында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастады. Қостанай, Рудный және Лисаковск қалаларында тұрғындарымен және жергілікті кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесулер өтеді. Іс-шараға қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де қатысты.

WhatsApp Image 2022-09-29 at 12.37.17.jpeg

Сарапшылар тұрғындарға «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасы мен портфельдік компаниялардың IPO-сын, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ туралы негізгі ақпаратты түсіндіреді, сондай-ақ азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді, оның ішінде  акцияларды кімнен сатып алуға болатынын, сондай-ақ алаяқтардың әрекеттерінен өзіңізді қалай қорғау керек екенін түсіндіреді.

«Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан кең ауқымды роуд-шоу халыққа дайындалып жатқан IPO туралы ақпаратты тікелей алуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл соңғы уақытта алаяқтық мақсатта жиілеп кеткен үгіт ағыны кезінде акцияларға инвестиция салу қандай артықшылықтар беретінін, IPO-ға қалай дұрыс қатысу керектігін және ресми ақпаратты қандай көздерден алу керектігін халыққа жеткізуде өте маңызды», - деп атап өтті «SkyBridge Invest» АҚ Басқарма төрайымы Шолпан Айнабаева.

«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді қаржы-экономикалық басқару департаментінің аға менеджері Қанат Әбдірахмановтың пікірінше, IPO – бұл өз болашағы, өз балалары мен елінің болашағы үшін алаңдайтындарға арналған алаң. «Бүгін инвестиция салып, Сіз бүкіл сала ішіндегі сапалы өзгерістерге өз үлесіңізді қосасыз, сондай-ақ өзіңіздің қаржылық әл-ауқатыңыз бен ортақ Отанымыздың өркендеуінің іргетасын қалайсыз. Алайда, акцияларды сатып алу кезінде қор нарығының кәсіби қатысушылары да, жаңадан бастаушылар да барлық инвестициялық тәуекелдерді ескергені жөн: 100% пайда кепілдігі жоқ», - деп атап өтті спикер.

Қостанай облысында 4 ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізу жоспарланып отыр, кездесу барысында қатысушылар баламалы табыс көзі ретінде IPO тетіктері жайлы ақпарат алатын болады.

2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында бүкіл еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен осындай кездесулер өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.