Қазақтелеком ESG-қағидаттарын компанияның бизнес-процестерімен біріктіреді

Қазақтелеком ESG-қағидаттарын компанияның бизнес-процестерімен біріктіреді

462

29 Қыркүйек 2022

Ірі телеком-оператор 2023 жылы ESG - Sustainanalytics халықаралық рейтингіне кіруге ниетті. Бүгін «Қазақтелеком» компаниядағы бизнес-процестерге ESG-қағидаттарын интеграциялау мәселелерін қарастырып, бизнесті жүргізу тәсілдері мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін терең трансформациялауды бастады.

Айта кетейік, соңғы жылдары ESG, тұрақты және төмен көміртекті даму, декарбонизация туралы көп айтылады, бірақ әрдайым компаниялар мен адамдар бұл терминдердің артында не жатқанын түсінбейді, одан бөлек оны іс жүзінде жүзеге асыру жолдары көпке беймәлім. Шын мәнінде, мұнда бәрі қарапайым, яғни бұл адами капиталды дамыту, өндірістік қауіпсіздікті жақсарту, корпоративтік басқару, еңбекті қорғау, адамдардың әл-ауқатын арттыру, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайту және энергия тиімділігі қағидаттарын ұстану.

«Біз «Қазақтелекомда» сәл басқаша стратегияны таңдауды ұйғардық, атап айтқанда бастапқы кезеңде біз бұл мәселеге терең бойлап зерттедік, әбден мида пісіріп болған соң, өзіміз үшін тұрақты даму мақсаттарына жету үшін компанияның осы мақсатқа жетудегі кезең-кезеңмен жүріп өтетін егжей-тегжейлі және нақты жоспарын әзірледік. 2016 жылдан бастап - Корпоративтік басқарудың жаңа Кодексі қабылданған сәттен бастап осы жоспарды тұрақты түрде ұстанып, өз чек-парағымызда іске асырылған жобаларды немесе өткен кезеңдерді түйгендерімізді, ағымдағы сәтте және келешектегі міндеттерімізді белгілеп отырамыз», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Айта кету керек, компания жақын жоспарында айтарлықтай өршіл мақсат қойып отыр, ол:  ESG Sustainanalytics халықаралық рейтингіне ену, кейіннен шығатын зиянды қалдықтарды 13% – ға төмендетуге қол жеткізу және біртіндеп көміртегі бейтараптығы мен декарбонизацияға келу. Сонымен қатар, телекоммуникация саласы қоршаған ортаны елеулі ластаушы заттар санатына жатпайтынын атап өткен жөн, алайда «жасыл» Дата-орталықтарға сұраныс және энергия тұтынуға неғұрлым жауапты көзқарас жыл сайын өзекті бола түсуде. Сондықтан «Қазақтелекомның» таяу болашақтағы басым міндеттерінің қатарында – бұл деректерді өңдеудің жаңа инновациялық және экологиялық орталықтарын салу және қолданыстағыларын жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және ZeroTrust тұжырымдамасын дамыту есебінен деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманы күшейту.

«Бүгін әріптестерімізбен қызу пікірталастарда өткізген 4 сағат бізге күш - жігерді қай бағытта жандандыру қажеттігін, және осал тұстарымызды көріп, ESG және орнықты дамудың белгіленген мақсаттары мен қағидаттарына қол жеткізу үшін не нәрсеге баса назар аудару қажеттігін айқын көрсетті», - деп қорытындылады кеңесті Қуанышбек Есекеев.

Бүгінгі таңда компанияда орнықты даму саясаты әзірленді, қоршаған ортаны қорғау сапасын, еңбек қауіпсіздігін, кадр саясатын, қызметкерлердің денсаулығын қорғауды және тағы басқаларды дамытуға жауапты регламенттеуші құжаттар бекітілді.