Бейжіңде «Самұрық-Қазына» және «CITIC Group» басшыларының кездесуі өтті

Бейжіңде «Самұрық-Қазына» және «CITIC Group» басшыларының кездесуі өтті

1608

17 Қазан 2023

Нұрлан Жақыпов пен Чжу Хэсинь – 2012 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің тең төрағалары. Осы уақыт ішінде 6 отырыс өткізілді, оның ішінде Мемлекет басшыларының сапарлары аясында ондаған келісімдерге қол қойылды, екі ел арасындағы іскерлік байланыстар нығайтылды. CITIC – Қордың мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқансенімді серіктесі. Бірлескен кәсіпорындардың арасында мұнай өндіруші Қаражанбасмұнай, жол битумын өндіруші – CASPI BITUM.  Осы сапар аясында битум зауытының қуатын кеңейту жұмыстары басталды. Тұтастай алғанда ынтымақтастықты дамыту бойынша басқа да көптеген бағыттар, атап айтқанда,мұнай-газ химиясында (метанол өндіру бойынша жоба пысықталып жатыр), көлік және логистика, бейбіт атомды пайдалану және инфрақұрылымдық жобалар бар.