«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Сhina National NuclearCorporation компаниясының басшылығымен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Сhina National NuclearCorporation компаниясының басшылығымен кездесті

3352

18 Қазан 2023

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) президенті Гу Цзюньмен келіссөздер жүргізді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен CNNC Қытай АЭС қажеттіліктері үшін табиғи уран жеткізу саласындағы ұзақ мерзімді әріптестер болып табылады. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

«Біздің атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылымыз сындарлы дамып келеді. Біз өзара тиімді шарттарда бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделіміз», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.  

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)ww_0001_Layer 2ee_0000_WhatsApp Image 2023-10-18 at 20.28.04.jpg


Анықтама үшін: СNNC – уран кен орындарын геологиялық зерттеуді, уранды өндіруді, айырбастауды және байытуды, ядролық отын мен атом электр энергиясын өндіруді, радиоактивті және ядролық материалдарды тасымалдауды қоса алғанда, бүкіл ядролық отын цикліне қол жеткізе алатын ең ірі Қытайдың тігінен интеграцияланған энергетикалық атом холдингі.