Самұрық-Қазына басшысы China National Petroleum Corporationкомпаниясының президентімен кездесті

Самұрық-Қазына басшысы China National Petroleum Corporationкомпаниясының президентімен кездесті

3737

19 Қазан 2023

Нұрлан Жақыпов пен CNPC президенті Хоу Цицзюнь энергетика және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар бойынша іс-қимылдарды нақтылады.   Атап айтқанда, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары – геологиялық барлау және ЖЭК талқыланды. Сондай-ақ іске асырылып жатқан жобаларды -Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту мәселелері қозғалды. Сапар аясында QazaqGaz және Petrochina International арасында табиғи газды сатып алу-сату шартына, сондай-ақ Қор, ҚР ЭМ және CNPC арасында ЖЭК жобасын іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.  

Анықтама үшін: China National Petroleum Corporation – 1998 жылы ҚХР бұрынғы Мұнай өнеркәсібі министрлігінің негізінде құрылған. Компания ҚХР-да ірі мұнай мен газ өндірушісі және жеткізушісі болып табылады.