Қазақстан Қытайға ядролық отын жинақтарын жеткізеді

Қазақстан Қытайға ядролық отын жинақтарын жеткізеді

297

16 Қазан 2023

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Янцзы қаласында(Қытай Халық Республикасы) АЭС-те Қазақстаннан шыққан жылу бөлетін жинақтарды қабылдауға қатысты. Тарихи іс-шараның салтанатты рәсіміне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Үлбі-ЖБЖ» ЖШС, China General NuclearPower Group (CGN) және CGNPC Uranium Resources Company Limited (CGNPC-URC) өкілдері қатысты. «Бұл жоба біздің еліміздің жоғары технологиялық өнімдер шығаратындығының және жоғары технологиялық жобаларды іске асыратындығының дәлелі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп, ҮМЗ және Үлбі-ЖБЖ компаниялары басшылығының қосқан жеке үлестерін ерекше атап өткім келеді, соның арқасында өндірістік жоспарлар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туды», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1m)ww_0001_Layer 2_0000_Layer 2.jpg


Зауыт құрамында 30 тоннадан астам төмен байытылған уран бар отын топтамасын жеткізді. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында орналасқан Янцзян атом электр станциясында қуаты 1000 МВт болатын CPR-1000 және ACPR-1000 (PWR) реакторлары бар алты энергия блок орнатылды. Инновациялық өндірісті іске қосу Қазақстанға атом станцияларына ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруге мүмкіндік берді.  «Үлбі-ЖБЖ» зауытында 20 жылға кепілді өткізу нарығы бар.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)ww_0001_Layer 2 copy.jpg


2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Үлбі металлургия зауытының базасында АЭС-ке жоғары технологиялық ядролық отын - жылу бөлетін жинақтар (ЖБЖ) шығаратын «Үлбі-ЖБЖ» ЖШС кәсіпорнын құрды. Өндіріс 2021 жылы қараша айында іске қосылды.  Зауыт іске қосылған сәттен бастап толық өндірістік қуатқа шығу - ЖБЖ түрінде 200 тонна уранға жеткізу үшін өндіріс көлемін ұлғайтуда. Бұл көрсеткішке 2024 жылы қол жеткізужоспарланып отыр.