«Самұрық-Қазына» АҚ мен Total Eren компаниясы Бірлескен кәсіпорын туралы келісімге қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Total Eren компаниясы Бірлескен кәсіпорын туралы келісімге қол қойды

374

01 Қараша 2023

Франция президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанда жиынтық қуаты 1 ГВт құрайтын жел электр станцияларын салу бойынша Total Eren компаниясымен Бірлескен кәсіпорын туралы келісім жасалды. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қатысады. 

Жобаны 2 кезеңде жүзеге асыру, атап айтқанда, бірінші кезекте 300 МВт қуатты, содан кейін қалған 700 МВт қуатты енгізу көзделіп отыр. ЖЭС-ке электр энергиясын жинақтау жүйесі орнатылады, бұл жел генерациясының үзілістігіне байланысты желінің тұрақсыздық қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Анықтам үшін: 

Total Eren - француз компаниясы, әлемдегі жаңартылатын энергетика саласындағы көшбасшылардың бірі. Компанияның портфелі 2400 МВт-тан астам белгіленген қуатты, сондай-ақ әзірлеу сатысында 2000 МВт-тан астам қуатты қамтиды.