SPO KEGOC: инвесторлардан өтінімдерді қабылдау аяқталды

SPO KEGOC: инвесторлардан өтінімдерді қабылдау аяқталды

798

02 Қараша 2023

«KEGOC» АҚ SPO шеңберінде жаңа инвесторлардан өтінімдерді қабылдау аяқталды. Акцияларды қайталама орналастыру Қазақстан қор биржасында (KASE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (Astana International Exchange, AIX) өткізілді.  

Өтінімдерді берген және төлем жүргізген инвесторлар арасында акцияларды бөлу 2023 жылғы 7 қарашада аяқталады, акциялар 9 қарашада инвесторлардың тиісті шоттарына келіп түседі. Қор биржаларында қайталама сауда-саттықтың басталуы 2023 жылғы 10 қарашаға жоспарланған.

Атап өткен жөн, SPO KEGOC Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу, оның ішінде қосымша эмиссия жолымен мемлекеттік активтерді жекешелендіру есебінен өткізіледі.

Анықтама:

SPO KEGOC шеңберінде 15 294 118 жай акцияны ұсынды, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі компания акцияларының жалпы санының кемінде 85 процентін құрайды. Бір жай акцияның бағасы – 1482 теңге. Компанияның қазіргі акционерлері брокерлерге немесе тікелей KEGOC арқылы өтініштерін берді. Жаңа инвесторлар өтінімдерді брокерлер, банктер мен Tabys қосымшалары, сонымен қатар «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы онлайн және офлайн берген болатын.