«Самұрық-Қазына» мен CPIH Жамбыл облысындағы жел электр станциясының құрылысы жайын талқылады

«Самұрық-Қазына» мен CPIH Жамбыл облысындағы жел электр станциясының құрылысы жайын талқылады

1554

06 Желтоқсан 2023

 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов China Power International Holding (CPIH) компаниясының вице-президенті Ренагули Туэрдимен кездесті.

Тараптар Жамбыл облысында энергия сақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасы жайында сөйлесті, оның алғашқы 500 МВт-ын Жамбыл облысында жүзеге асыру жоспарланған.

sk_2023-05-05_022000_44photo16832вв67832 (1)ww_0001_Layer 2_0000_Layer 2_0001_Layer 5_0001_Layer 2.jpg


Қос тарап жобаны ағымдағы жылдың маусым айында қол қойылған Жол картасында көрсетілген мерзімдерге сәйкес әзірлеп жатқандықтарын айтты.

Қазіргі уақытта Қор мен CPIH мемлекеттік органдармен бірлесіп жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Сиань қаласына сапары барысында «Самұрық-Қазына» Қоры, CPIH, SANY Renewable Energy Co.Ltd және ҚР Энергетика министрлігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Маусым айында жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойылды, ал қазан айында «Самұрық-Қазына» мен CPIH Бірлескен даму туралы Келісімге қол қойды.

sk_2023-05-05_022000_44photo16832вв67832 (1)ww_0001_Layer 2_0000_Layer 2_0001_Layer 5_0000_Layer 3.jpg


Анықтама үшін: China Power International Holding (CPIH) 2004 жылы Гонконгта құрылған SPIC (State Power Investment Corporation Limited) еншілес компаниясы. Компанияның негізгі қызметі Қытайдағы ірі электр желілерін дамыту, салу, пайдалану және басқару болып табылады.