«Самұрық-Қазына» Жастар форумына Қор тобының 200-ден астам қызметкері қатысуда

«Самұрық-Қазына» Жастар форумына Қор тобының 200-ден астам қызметкері қатысуда

2053

08 Желтоқсан 2023

Алматыда Жастар саясатын дамыту бағдарламасы аясында Қор тобында жұмыс істейтін мамандар қатысуымен жастар Форумы өтуде.

Шараға еліміздің әр өңірінен портфельдік компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері жиналды.

Форумда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөз сөйледі. Қор басшысы компаниялар тобында жұмыс істейтін 250 мың жұмысшының 80 мыңнан астамы жасы 35-ке дейінгі қызметкерлер екенін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» Жастар форумына Қор тобының 200-ден астам қызметкері қатысуда


«Біздің негізгі мақсатымыз – адами капиталды дамыту. Біз өскелең ұрпақтың Қор өміріне белсене қатысуына, инновациялық идеялары мен креативті тәсілдеріне үлес қосуына, технологиялық сауатты болуына мүдделіміз», - деді Нұрлан Жақыпов.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ-да жастар қанаты белсенді дамып келеді.

Қызметкерлер түрлі іс-шараларға, соның ішінде оқу семинарлары мен спорттық турнирлерге, өндіріс орындарында тәжірибе алмасуға, қайырымдылық жұмыстар мен өзін-өзі дамыту челлендждеріне қатысады.

Биыл Қазақстанның барлық аймақтарында жастар саясатын жүзеге асыру үшін Қор тобында және облыстарда Жастар кеңесінің төрағалары сайланды.

Қор тобының портфельдік компаниялары мен еншілес және тәуелді ұйымдарында 206 Жастар кеңесі бар.

Форум барысында қатысушылар үшін тренингтер, дөңгелек үстел және команда құру іс-шараларын қамтитын ауқымды бағдарлама дайындалды.

«Самұрық-Қазына» Жастар форумына Қор тобының 200-ден астам қызметкері қатысуда


Іс-шара барысында жастар көшбасшылықты, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруды үйренді, шешім қабылдау дағдыларын, эмоционалдық интеллектін дамытып, 4D басқару жүйесімен танысты.

Сондай-ақ форум аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы жастардың 2024 жылға арналған жұмыс және іс-шаралар жоспарымен танысты.

Айта кетейік, Форумды Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы ұйымдастырды.