«Самұрық-Қазына» АҚ KASE жылдық есептер конкурсының лауреаты атанды

«Самұрық-Қазына» АҚ KASE жылдық есептер конкурсының лауреаты атанды

780

15 Наурыз 2024

Конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының 2022 жылғы тұрақты даму туралы жылдық есептері бағаланды.

️«Самұрық-Қазына» АҚ «2022 жылғы тұрақты даму туралы үздік есеп» номинациясы бойынша лауреат ретінде диплом алды.

Қордың «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ портфельдік компаниясы - жүлдегерлер қатарында.

«2022 жылғы жария емес компанияның үздік жылдық есебі» номинациясы бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ лауреат атанды, ал «Қазпошта» АҚ және «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС жүлдегер дипломына ие болды.

KASE жыл сайын Қазақстанда қаржылық емес есептілікті дайындау тәжірибесін дамыту үшін конкурс өткізеді.