«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі

1333

08 Сәуір 2024

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компаниялар тобы басшыларының қатысуымен ТЖ-ге жедел әрекет ету штабының жиналысын өткізді. Жиын барысында су тасқыны кезіндегі қазіргі ахуал және табиғи апаттың алдын алуға және жоюға бағытталған шаралар талқыланды.

Қор табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңірлерге – 15 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді, деп атап өтті Нұрлан Жақыпов. Қордың корпоративтік орталығы, ҚМГ, «Қазатопром», ҚТЖ, «Қазақгаз», KEGOC, «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» көмек көрсетуде.

Қаражат қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» арқылы бағытталады.

«Қазіргідей қиын жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігін, тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету портфельдік компаниялардың алдында тұрған басым міндеттердің бірі. Сын сағатта күшімізді біріктіріп, ТЖ-ге қарсы күресу жұмыстарын жандандыру қажетпіз. Осы бағыттағы тасқын судың алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ зардап шеккен өндірістік объектілердің жұмысын штаттық режимге келтіру шараларын жалғастыру қажет», - деді Нұрлан Жақыпов.

«ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, ҚМГ компаниялар тобынан су тасқынына қарсы шараларға 500-ден астам қызметкер жұмылдырылған және 160-тан астам техника мен құрал-жабдық, сондай-ақ 80 тонна дизель, 22 тонна бензин бөлінген.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-да суға төтеп беретін 45 пойыз құрылды. Тасқын судан зардап шеккен барлық өңірлерде су айдайтын 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етуде, - деп атап өтті жиында ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев. Сондай-ақ, теміржол транспорты азаматтарды эвакуациялауға тартылған. Сәуірдің 8 күні ҚТЖ қаражаты есебінен Атырау облысында таңертеңнен бері 5 мыңға жуық қазақстандық тасымалданды.

QazaqGaz-да авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 750 адам жұмылдырылды, су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына 135 бірлік техника бөлінген, су басу өңірлерінде еріктілер топтары құрылды.

«KEGOC» АҚ электр жеткізу желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды ағын судан қорғау шараларын қабылдады, сондай-ақ су басуы ықтимал әуе желілерін бақылау жұмыстары және электр желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар ұйымдастырылды, - деп атап өтті Нәби Айтжанов.

«Қазақтелеком» АҚ-да телекоммуникация құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін компанияның техникалық блогы жедел штабтар құрды. Бөлімшелер арасында байланыс орталықтары ұйымдастырылып, авариялық-қалпына келтіру командалары құрылды. Қызметкерлер су тасқыны салдарынан зақымдалған жабдықтардың ақауларын тез арада жоюда.

Қор тобының қызметкерлері зардап шеккен отбасыларға азық-түлік, тұрмыстық заттар және басқа да көмек көрсетеді.

Нұрлан Жақыпов су тасқыны кезіндегі ахуалды тәулігіне бірнеше рет хабарлап отыруды және төтенше жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды, сондай-ақ апат зардаптарын жоюға қатысқан барлық топ қызметкерлеріне алғысын білдірді.

15 млрд тенге выделит Группа компаний «Самрук-Қазына» на ликвидацию последствий паводков в Казахстане

Сегодня председатель правления АО «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов провел заседание Оперативного штаба по реагированию на ЧС с участием глав портфельных компаний.

В ходе заседания обсудили текущую паводковую ситуацию и меры, направленные на предупреждение и ликвидацию последствий стихийного бедствия.

Фонд окажет материальную помощь регионам, пострадавшим от стихийного бедствия – всего 15 млрд тенге, отметил на заседании штаба Нурлан Жакупов. Помощь оказали корпцентр Фонда, «КазМунайГаз», «Казатомпром», «Казахстан темир жолы», «Казахгаз», Kegoc, «Казахтелеком», «Эйр Астана», «Самрук-Энерго».

Средства будут направлены через единого оператора благотворительности Samruk-Kazyna Trust.

«В сложившейся ситуации обеспечение безопасности работников, целостности оборудования одна из приоритетных задач, стоящая перед портфельными компаниями. Необходимо в текущих условиях сплотиться, активизировать силы на предупреждение ЧС. Продолжить предупредительную работу в данном направлении, а также мероприятия по приведению работы пострадавших производственных объектов в штатный режим», - сказал Нурлан Жакупов.

С первых дней в группе Фонда задействованы силы и средства добровольных аварийно-спасательных служб дочерних и зависимых организаций портфельных компаний. Они оказывают помощь подразделениям Министерства чрезвычайной ситуации и местным исполнительным органам.

Как сообщил председатель правления АО НК «КазМунайГаз» Магзум Мирзагалиев, в группе компаний КМГ в противопаводковых мероприятиях задействовано более 500 работников, выделены более 160 единиц техники и оборудования, а также 80 тонн дизеля, 22 тонны бензина.

В «Казахстан темир жолы» сформировано 45 противоразмывных поездов. Во всех регионах, пострадавших от паводков, идет дежурство 47 пожарных поездов, осуществляющих откачку воды, отметил на заседании глава КТЖ Нурлан Сауранбаев.

Ж/д транспорт также задействован в эвакуации наших граждан, по состоянию на утро 8 апреля в Атырауской области поезда перевезли почти 5 тысяч казахстанцев за счет средств КТЖ.

В QazaqGaz в аварийно-спасательных и противопаводковых работах задействованы 750 человек, выделены 135 единиц техники для работ по противодействию паводкам, сформированы волонтерские группы в регионах подтопления.

В АО «KEGOC» приняли меры защите линий электропередачи, зданий и сооружений от воздействия талых вод, организовано наблюдение за воздушными линиями, подверженными подтоплению, организованы бригады для проведения аварийно-восстановительных работ на электросетевых объектах, отметил Наби Айтжанов.

В АО «Казахтелеком» для обеспечения бесперебойной работы средств телекоммуникаций технический блок компании создал оперативные штабы. Между подразделениями организованы колл-центры, сформированы аварийно-восстановительные команды связи. Сотрудники оперативно устраняют неполадки оборудования, поврежденного в результате паводков.

У жителей областей, пострадавших из-за паводков, сбоев сотовой связи не зафиксировано, отметил глава КТ Куанышбек Есекеев.

Работники группы Фонда направляют пострадавшим семьям продукты питания, предметы быта и другую помощь.

Нурлан Жакупов поручил несколько раз в сутки сообщать статус по паводковой ситуации и держать вопрос под контролем, а также поблагодарил всех задействованных в ликвидации последствий бедствия сотрудников Группы.