Қор басшылығы Еуропалық қайта құру және даму банкі өкілдерімен кездесті

Қор басшылығы Еуропалық қайта құру және даму банкі өкілдерімен кездесті

449

16 Сәуір 2024

Қор басшылығы ЕҚҚДБ басқарушы директоры және Тұрақты инфрақұрылым тобының жаһандық директоры Нандита Паршадпен және ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы басшысы Хусейн Өзханмен кездесті.

Тараптар электр энергетикасы саласындағы жобалар, атап айтқанда «Батыс Қазақстан энергожүйесін ҚР БЭЖ-імен біріктіру» жобасы бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

s02-1.jpg

Кездесу барысында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Қор мен оның портфельдік компаниялары ЕҚҚДБ-мен ұзақ жылдары бойы ынтымақтасып келе жатқандығын атап өтті және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ниетті екенін жеткізді.

ЕҚҚДБ бұған дейін KEGOC және QazaqGaz компанияларының бірқатар жобаларына, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлесе іске асырылатын жаңартылатын энергетика бойынша жобаларға қатысуға қызығушылық танытқан болатын.