Он жылдан астам уақыт бойы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі табысты жұмыс істеп келеді

Он жылдан астам уақыт бойы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі табысты жұмыс істеп келеді

284

24 Сәуір 2024

Осы ынтымақтастық шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ қорының делегациясы Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың (ҚҚІК тең төрағасы) басшылығымен Қытайға келді.

Мұнда Қор басшысы бірқатар қытайлық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізеді.

Олардың қатарында ең ірі ядролық ұлттық корпорация China National Nuclear Corporation, әлем бойынша ең ірі теміржол транспортының өндірушісі CRRC Corporation Limited, смарт құрылғыларының жетекші жаһандық жеткізушісі Huawei, ірі мемлекеттік конгломераты CITIC Group, мұнай-газ корпорациясы China National Petroleum Corporation, Мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы SPIC, ірі қытайлық машина жасаук компаниясы SANY Group және өзге де компаниялар бар.

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі екі елдің бизнес-топтары үшін пікір алаңы болып саналады және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды көздейді.