Бейжіңде Қор басшысы Нұрлан Жақыпов CNNC және CRRC өкілдерімен кездесті

Бейжіңде Қор басшысы Нұрлан Жақыпов CNNC және CRRC өкілдерімен кездесті

305

24 Сәуір 2024

China National Nuclear Corporation (СNNC) – ірі атом-энергетикалық холдингі. Қытай АЭС қажеттіліктері үшін табиғи уранды жеткізу саласында Қордың портфельдік компаниясы «Қазатомпром» және CNNC ұзақ мерзімді әріптес саналады. Тараптар атом энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Frame 545.jpg


China Railway Rolling Stock Corporation (CRRC) – теміржол жылжымалы құрамын өндіретін әлемдегі ең ірі компания. 2024 жылғы ақпанда «Самұрық-Қазына» және CRRC Corporation Limited өзара ынтымақтастық келісімге қол қойған болатын.

Қор CRRC-пен ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі, деп атап өтті Жақыпов.