Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

576

30 Сәуір 2024

Онда «Самұрық-Қазына» қорының 2023 жылдағы қайырымдылық қызметінің қорытындысы шығарылып, 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Отырысқа Қор басшылығы, қоғам өкілдері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Өткен жылы 7,2 млрд теңгеге 46 қайырымдылық жоба жүзеге асырылды, жыл басынан бері Samruk-Kazyna Trust бірыңғай операторы 16,5 млрд теңгеге 10 жобаны қаржыландырды.

Әлеуметтік жобалар денсаулық сақтау, әлеуметтік осал топтарды қолдау, білім, өңірлерді дамыту, мәдениет пен спорт салалары бойынша 13 өңірінде, соның ішінде компаниялар тобы орналасқан аймақтарда жүзеге асты.

Қайырымдылық жобалары аясында 524 мың адам, оның ішінде ауыл тұрғындары да көмек алды.