Қоғамдық кеңес туралы

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 828 қаулысымен бекітілді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық Кеңесі азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау және қабылдау, есеп беру мен ашықтықты арттыру кезінде қоғамдық пікірді ескеру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады.

«Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру керек».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2020 жылғы 1 қыркүйек

Қоғамдық кеңестің мақсаты
  • Қоғамның пікірін жинау, шоғырландыру және есепке алу
Қоғамдық кеңестің міндеттері:
  • Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру
  • Азаматтық қоғаммен сындарлы өзара іс-қимылды дамыту
  • Қордың стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау
  • Қордың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу