Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық қызметіне қатысты бірыңғай оператор болып табылады.

«Samruk-Kazyna Trust» қызметінде халықтың тыныс-тіршілігін жақсарту және Қазақстан Республикасының өркендеуіне үлес қосу көзделіп отыр.

сілтеме

Қайырымдылықтың басым бағыттары

«Samruk-Kazyna Trust» келесі басымдықтарды ерекше назарда ұстайды:

target Әлеуметтік және медициналық бағыттарда адамдарға көмек
target Медиа, мәдени қоғамдастықты, адами әлеуетті дамыту
target Қор тобы жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламасын іске асыру

Әлеуметтік және медициналық бағыттарда адамдарға көмек

бірінші кезекте жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға медициналық қызмет көрсетуді, сондай-ақ ауруларды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды ұйымдастыру арқылы халыққа медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
Қазақстан Республикасында сырқаты емделмейтін кәмелетке толмаған балаларды шетелде емдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
Халықтың неғұрлым аз қорғалған топтарына, оның ішінде күтімге, қамқорлыққа мұқтаж табысы төмен (табысы аз) адамдарға көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар
Емдеу, балалар және өзге де ағымдағы қызметін қаржыландыруда қиындық көріп отырған әлеуметтік мекемелерді қолдау жөніндегі іс-шаралар
Азаматтардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу саласындағы қызметке жәрдемдесу, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың моральдық-психологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар
Әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін және беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар

Медиа, мәдени қоғамдастықты, адами әлеуетті дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның орнықты дамуына инвестициялар салу

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан білім беру мекемелерінің академиялық үлгерімі жақсы оқушыларына, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау, білім беру саласындағы қызметкерлерге біліктілігін арттыру мақсатында материалдық, қаржылық, техникалық және өзге де көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар
Білім, ғылым, мәдениет (іс-шараның түпкі бенефициарлары балалар мен жасөспірімдер болған жағдайда), өнер (іс-шараның түпкі бенефициарлары балалар мен жасөспірімдер болған жағдайда), ағарту, азаматтық қоғамды қалыптастыру саласындағы қызметке жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар
Мамандандырылған ұйымдарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін ұйымдарға жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар
Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі іс-шаралар (спорттық кәсіби федерациялардың қызметін қоспағанда)
Қор тобындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсарту және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту жөніндегі іс-шаралар

Қор тобы жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламасын іске асыру

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар
Тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар
Азаматтық бастамаларды қолдау арқылы жергілікті қоғамдастықтарды дамыту жөніндегі іс-шаралар

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы келіп түскен әлеуметтік жобаларды қарастырады:

Ауғанов Ғибрат Қайратұлы

Қамқоршылық кенесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбек қорғау жөніндегі басқарушы директоры

Өтепов Мират Маратұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директор

Қалтаева Ләззат Молдабекқызы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Демесинова Лаура Бағланқызы

«Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау секторының басшысы

Байғожин Владислав Ерханұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің Директоры

2022 жылдың басты нәтижелері

43
жоба
10
млрд. теңге
624
адам жұмыспен қамтамасыз етілді





Жалпы бенефициарлар
500 000
адам
Оның ішінде
55 000
бала
Ауылдық жерлерде
95 000
адам